«AMANAT» партиясы әйелдер қанатының бірінші отырысына өңірлерден келген 100-ден астам белсенді әйел қатысты. Олар екі күн бойы әйелдердің мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне қатысу аясын кеңейту, кәсіпкер әйелдерді қолдау және инклюзивті қоғамды дамыту мәселелерін талқылады.
Сөз басында Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, әйелдердің құқығын қорғау және отбасылық құндылықтарды нығайту мәселесі әрқашан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарында екенін атап өтті.
−Әйелдер қанаты өз жұмысын бастағаннан кейін гендерлік мәселелер биік мінберден жиі айтыла бастады. Біз белсенді әйелдердің басын қосып қана қоймай, шешім қабылдауға және жауапкершілікті өз мойнына алуға қабілетті көшбасшы әйелдердің жаңа буынын қалыптастыруымыз керек. Қазірдің өзінде партиямыздың қатарында жауапты жұмысқа, оның ішінде депутат, әкім лауазымдарына дайын әйелдер өте көп, – деді ол.
Барлық дерлік мемлекеттік орган тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерімен қандай да бір деңгейде айналысады немесе тым болмағанда айналысуы тиіс. Бірақ, бұл жұмысқа келгенде жалпы тәуелсіз бақылау жоқ. Осы мәселені аталмыш отырыста Мәдениет және ақпарат министрі, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева айтып өтті:
−Әйелдер қанатына тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысына қатысты аймақтар мен министрліктер басшылары пікіріне ұдайы құлақ аса отырып, әйелдердің күн тәртібіндегі мәселелерінің орындалуына қоғамдық бақылау функцияларын алуды ұсынамын, – деді ол.
Қазір қоғамда әйелдер мәселесі өткір тұр. Бұл – гендерлік теңсіздік, тұрмыстық зорлық-зомбылық, білім алудың қолжетімділігі, діни радикалдану және соған байланысты проблемалар.
−Сондықтан, Президент заң мен тәртіпті қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөледі. Мемлекет кез келген қылмыстың, соның ішінде әйелдерге қатысты қылмыстың жолын қатаң түрде тоқтатуы керек. Әйелдер өз кезегінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзбеуі тиіс, – деп атап өтті Аида Балаева.
Елімізде гендерлік теңдік мәселелері мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының бастамасымен өңірлерде отбасын қолдау орталықтары, мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан жастар ресурстық орталықтары құрылды.Бүгінгі таңда аталмыш орталықтардың бірыңғай тұжырымдамасы әзірленуде.Аида Балаева партияның әйелдер қанаты орталықтарының жұмыс әдістері мен әдістемесі, қызметкерлерді оқыту, біліктілігін арттыру, жаңа көзқарастарды қалыптастыру және инновациялық әдістерді енгізу тиімділігін арттыруға атсалысуға шақырды.
Сонымен қатар, делегаттар Президент Жолдауы мен оның сайлауалды бағдарламасы, сондай-ақ «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында елімізде ана мен бала бақытты өмір сүруі үшін жағымды жағдай жасалып жатқанына назар аударды. Атап айтқанда, бала күтіміне берілетін төлем 1,5 жасқа дейін ұзартылды, көпбалалы аналарға тағайындалған жәрдемақы мөлшері ұлғайтылып, әлеуметтік жағдайы осал отбасыдан шыққан 100 мыңнан астам бала балабақшаларда тегін тамақпен қамтылды. Ал, 2024 жылы 1 қаңтардан бастап «Ұлттық қор – балаларға» деп аталатын мүлдем жаңа бағдарлама іске қосылады.
Ауыл тұрғындарының табысын арттыруға арналған «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылардың шамамен 30 пайызы қыз-келіншектер, ал6 қаржылық сауатты арттыруды көздейтін «Қарызсыз қоғам» жобасы түлектерінің 58 пайызы көпбалалы аналар болып табылады.
«AMANAT» партиясыныңхатшысыШолпанКариноваіс-шара модераторы болды. Жиынға қатысушылар бірқатар бастама көтерді. Атапайтқанда, өскелең ұрпақты тәрбиелеу және ассоциалдық құбылыстардың алдын алу мәселелері бойынша облыс әкімдерінің тұрақты тыңдауын өткізу, әйелдерді скринингтен өткізу және олардың денсаулығын қадағалау мақсатында «Әйел саулығы ден ісау ұрпақ кепілі» жаңа жобасын іске қосусынды ұсыныстар айтылды.
Өз кезегіндеТараздан келген делегат, «Жан шуақ» сыйлығының лауреаты АнарБексұлтанова әйелдер мен әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдаудың маңызына тоқталды.
–Қазіргі қоғамда тағдыр тауқыметін көріп жатқан әйелдер аз емес. Дегенмен,олардың арасында алдынан шыққан кедергілерге мойымай жетістікке жетіп, қоғам мен ел дамуына белсенділік танытып жүргендер де жетерлік. Ол үшін мемлекет пен партия тарапынан қолдаулар да ауыз толтырып айтарлықтай. Сондай азаматшалардың бірі менмін. Орайы келгенде, өзім туралы аз-кем айта кетсем. Мен мұғалім білімін алып, жиырма үш жыл Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде экскурсовод болып қызмет атқардым. 2013 жылдан бастап нар тәуекел деп жеке кәсібімді аштым. Бүгінде «Әдеміқызжасауы» деп аталатын тігін шеберханамда 5 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отырмын. Әрине, барлығысіз бен біз ойлағандай оңай бола салмайды. Барлығына қажырлы қайрат пен қаржылық қолдау қажет. Сондықтан,жеке кәсібімді дамытуға мемлекет тарапынан 5,5 миллион теңге грант, 3 миллион теңге несие алып, жұмысымды жалғастырудамын. Жеке кәсібімнен бөлек қоғамдық өмірге де белсене араласып келемін. Нақтырақ айтсам, 2019 жылдан бастап «Шебершаңырақ» мүгедектер қоғамдық бірлестігіне жетекшілік етемін. Бірлестік облыстағы мүгедектігі бар, мүгедек бала асыраушы 200-ге жуық ананың өмірге бейімделуіне көмек көрсетіп келеді, – деді ол.
Ал, Көкшетау қаласынан келген делегат Айнагүл Балташеваның айтуынша, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналарға жан-жақты қолдау көрсету қажет.
−Бүгінде елімізде денсаулығында ерекшеліктері бар бала санының төмендемей тұрғаны бәрімізді алаңдатады. Өздеріңізге белгілі, ерекше бала тәрбиелеп отырған аналар мен мүгедектігі бар әйелдерге қолдау жасауды жүйелі түрде жүргізу өте өзекті. Осыған орай,әйелдер қанаты жұмысын үйлестіру әрі жетілдіру үшін үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен қоғамдық пікір көшбасшыларын бір арнаға тоғыстырсақ, нұр үстіне нұр болареді. Біз,ақмолалық әйелдер қауымы «Қолғабыс» жобасын бастап, балалардың ерекше қабілеттерін ескеріп, инклюзиялық қолдау орталықтарын ашуды бастаймыз. Мен мұғалім ретінде бұл бағытты жақсы түсінем, тиісті деңгейде ұйымдастырамын. Сонымен қатар ерекше балақайларды қолдау, әлеуметтендіру мақсатында өзге балалармен тең және қатарлас командалы қойындардың рөлін пайдалана отырып, «Тең мүмкіншіліктер әлемі» инклюзивтік спорт фестивалін өткізуге белсене атсалысамыз деп шештік, – дедіол.
Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарья QazScience – AMANAT fest халықаралық ғылым фестивалін өткізуді ұсынды. «ЮНЕСКО деректері бойынша қазір әлемдік ғылымдағы әйелдердің үлесі небәрі 30 пайызды құрайды. Ғылым саласының проблемалары жеткілікті. Ал,Орталық Азия өңірінде жағдай біршама жақсырақ. Ғылымдағы әйелдердің үлесі әлемдік көрсеткіштен едәуір асып түседі және шамамен 50 пайызды құрайды.
−Менің ойымша, мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, біздің әйелдер қауымының құлшынысы жоғары және олар үлкен табандылыққа ие. Олар өзбіліктілігін арттыруға, түрлі курс пен тағылымдамадан өтуге белсенді қатысады. Мысалы, 2018 жылы әйел ғылым докторларының саны 595 болса, биылғы жылы олардың саны 714-ке дейін өсті. Олардың барлығы 55 жастан асқан және басым көпшілігі білім беру саласында жұмыс істейтіні рас.Еліміздегі 22 мың ғалымның 2 427-сі әйел ғалым-кандидаттар, 992-сі PhD докторы, 28-і профильді доктор. Екіншіден, әйелдердің ғылыми-зерттеулер мен әзірлемелерге қатысуы артып келеді. Бұл ретте, әйел ғалымдардың ең көп саны медицина ғылымдары саласында, әлеуметтік ғылымдарда, гуманитарлық ғылымдар саласында, жаратылыстану ғылымдарында, ауыл шаруашылығы ғылымдарында, инженерлік әзірлемелер мен технологиялар саласында жұмыс істейді.Үшіншіден, тағы бір айырмашылық – зерттеуші әйелдер негізінен білім беру саласында және мемлекеттік секторда, ал, ер адамдар жоғары жалақы мен мансаптық мүмкіндіктерді ұсынатын жеке секторда басым болып келеді. Бұл үрдіс тіпті зерттеуші әйелдердің жоғары пайызы бар елдерде де жалғасуда,−деді өз сөзінде спикер.
Бүгінде ЮНЕСКО-ның жаңа интерактивті ресурсы қыздарды математика мен нақты ғылымдарды оқытуда қолдаудың маңыздылығын көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге, оларды жас кезінен бастап ынталандыруға шақырады. Дегенмен, дәл ғылымдар, техника, технология және математика саласындағы әйел зерттеушілер саны аз екенін көруге болады. Мысалы, Корея Республикасында зерттеушілердің тек 17 пайызы әйелдер, ал, инженерлік ғылымдардағы әйелдердің үлесі небәрі 9 пайызды құрайды екен.
Сондай-ақ, жиында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында министрлік «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын жүзеге асыру жұмысын жалғастырып жатқанын атап өтті.
−Үш жылда 21 мың әйелге экстракорпоралдық ұрықтандыру қызметі ұсынылды. Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде 8 мыңнан астам әйел жүкті болып, 5 мың отбасында көптен күткен 6 мыңнан астам бала дүниеге келді. «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы шеңберінде жыл сайын 7 мың квота бөлу көзделген, – деді министр.
Ведомство басшысының айтуынша, 3 жылда елімізде бас-аяғы 1,5 миллионға жуық сәби дүниеге келді. Жалпы, елімізде 6 миллионнанастамбала мен босанужасындағы 4 миллионнанастамәйел бар.
− Әйел денсаулығының жақсы болуы – ұрпақамандығы, ұлтсаулығы, мемлекетіміздіңбаянды, жарқынболашағы. Кейінгі 6 жылдаеліміздебосанукөрсеткіші 7 пайызғаөсіп, жаңатуғансәбилер саны 15 пайызғаартты. Жылсайын 500 мыңғажуықәйелжүктіболып, олардың 99 пайызы медицина қызметкерлерініңжітібақылауындаболады, – деп толықтырды өз сөзін Ажар Ғиният.
Сонымен қатар, іс-шарада Әйелдер қанатының тең төрағасы Зарема Шаукенова жаңа Этикалық кодекс пен «Психологиялық қызмет туралы» заңды әзірлеу жөнінде бастама көтерді. Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова өз сөзін әйел көшбасшыларды даярлау әдісіне арнады, ал, оның әріптесі Юлия Кучинская харассмент, гендерлік бюджет және гендерлік сараптама мәселелері бойынша заңдарға түзетулер енгізуді ұсынды.
Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.