Қараөткел ауылдық округінде гофркартоннан жасалған дайын қағаз қаптама өндірісі іске қосылды.
Гофркартон өндірумен айналысатын «ЭКО-POST-2020» ЖШС цехы автоматтандырылған қондырғылармен жабдықталған.
Кәсіпорын директоры Әділет Есбергенов атап өткендей, жобаға инвестициялардың жалпы көлемі 300 миллион теңгеден асады. Оның ішінде «Ғылым қоры» АҚ 290 млн.теңге сомасында грант берді. Кәсіпорын минутына 150 бірлікке дейін өнім өндіруге қабілетті. Бүгінгі таңда цехта 2 қызметкер жұмыс істейді. Толық жүктеме кезінде кәсіпорында 7 адам жұмыс атқартын болады.
Өнім ассортименті стандартты қораптарды да, күрделі кесілген қаптамаларды да қамтиды. Экологиялық таза болуы артықшылығының арқасында ыдыстың бұл түрі тамақ және фармацевтика өнеркәсібінде кең таралған.
Кәсіпорын жұмысының тағы бір артықшылығы-өндірілетін өнімнің сапасын уақтылы бақылауға мүмкіндік беретін толық технологиялық циклдің болуы.
Дереккөз: www.gov.kz