Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында Президент шыршасына 200-ге жуық бала қатысты - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында Президент шыршасына 200-ге жуық бала қатысты

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Көкшетау қаласындағы «Bolashaq sarayi» балалар мен жасөспірімдер сарайында ұйымдастырылған Президент шыршасына қатысып құттықтау сөз сөйледі. Мерекелік шараға облыстың барлық аудандары мен қалаларынан келген 200 жуық бала қатысты.

Шарада облыс әкімі Марат Ахметжанов Мемлекет басшысының атынан бүлдіршіндерді алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

– Бүгін мемлекет сіздер үшін қажеттінің бәрін жасауда, жаңа мектептер салынуда, жақсы білім алу үшін жағдайлар жасалуда. Президент атап өткендей, «Егер балалар бақытты болса — бұл мемлекеттің болашағы зор екендігінің көрсеткіші». Біздің басты байлығымыз – сіздер», – деді құттықтау сөзінде аймақ басшысы.

Президент шыршасы — бала өміріндегі ең есте қаларлық және маңызды оқиғалардың бірі. Облыстың әр түкпіріндегі дарынды балалар мерекені тамашалай алды. Әсіресе, театрландырылған қойылым мен ертегі кейіпкерлері балалардың көңілінен шықты.
Шортанды ауданынан келген облыстық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы 12 жасар Әлжан Төлеген үшін шырша өмірдегі ең есте қаларлық және маңызды оқиғалардың біріне айналды.

– Маған шақырту жібергенде қатты қуандым. Өмірімдегі ең үлкен және ең маңызды оқиға болғандықтан ол менің жадымда ұзақ сақталатын болады. Бізге осындай қуаныш сыйлаған адамдарға үлкен алығысымды білдіреміз, — деді қатысушы.

Жаңа жылдық мерекелік бағдарлама театрландырылған қойылыммен және ертегі кейіпкерлерінің сүйемелдеуімен шыршаны жағумен жалғасты.

Мерекелік шараға келген балаларға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан 100 мың теңгеге ақшалай сертификаттар және тәтті сыйлықтар үлестірілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар