Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысудың жолдары - АРҚА АЖАРЫ

Адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысудың жолдары

Ақмола облысының әділет департаменті заңгерлік және нотариаттық қызметпен айналысуға өтініш білдірген тұлғаларды аттестаттау бойынша екі мемлекеттік қызмет көрсетеді.

«Адвокатура және заң көмегі туралы» және «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес адвокат және нотариус кәсібіне үміткер адам тағылымдамадан сәтті өткеннен кейін аттестаттауға жіберу туралы өтінішті адвокат кәсібіне және нотариаттық қызметке үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттарды қолдана отырып береді.

Тағылымдама кемінде бес жыл адвокаттық қызмет өтілі бар адвокаттың басшылығымен жүзеге асырылады. Тағылымдаманың ұзақтығы алты айдан бір жылға дейін. Тағылымдамадан сәтті өту туралы қорытынды оны адвокаттар алқасының төралқасы бекіткен күннен бастап үш жыл бойы қолданылады.

Тағылымдамадан өтушілер нотариаттық қызмет өтілі кемінде бес жыл нотариустарда тағылымдамадан өтеді. Тағылымдаманың ұзақтығы кемінде бір жылды құрайды. Тағылымдамадан өту туралы қорытынды ол бекітілгеннен кейін үш жыл ішінде жарамды болып табылады.

Жиырма бес жасқа толған, жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады.

Адвокат Жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіби негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдар электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжаттарды береді, www.egov.kz, www.elicense.kz.

Мемлекеттік қызмет «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінің мемлекеттік дерекқоры арқылы тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады және электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттауда негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамалары, нысаны, мазмұны мен нәтижесі, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріледі.

Аттестаттауға жіберілген көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттауды өткізу орны, күні, уақыты, тәртібі туралы көрсетілетін қызметті беруші осы қызметті алушының ұялы телефонына немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы «Жеке кабинетіне» аттестаттауды өткізгенге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей хабардар етеді. Аттестация екі кезеңнен тұрады.

Егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санынан 70 (жетпіс) және одан көп болса, көрсетілетін қызметті алушы компьютерлік тестілеуден өтті деп есептеледі және екінші кезеңге жіберіледі.

Екінші кезеңде көрсетілетін қызметті алушыға практикалық тапсырмаға дайындалу үшін 10 минут беріледі. Үміткердің практикалық тапсырмаға жауаптарының дұрыстығын бес балдық жүйе бойынша комиссия мүшелері бағалайды. Аттестаттау не аттестаттамау туралы комиссияның шешімі аттестаттау өткізілген күні шығарылады.

2023 жылғы 22 мамырдан 31 желтоқсанға дейін Астана, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында келесі мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды:

— «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу»;

— «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу».

Көрсетілетін қызметті алушы «адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» және «нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында көзделген құжаттарды портал арқылы Астана, Шымкент, Түркістан облыстарының әділет департаменттеріне жібереді.

Аттестаттау тестілеу операторының техникалық жабдықталған тестілеу залдарында өткізіледі. Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеу;

— практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге компьютерлік тестілеу.

Көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудың екі кезеңінен сәтті өткен кезде аттестаттаудан өткен болып есептеледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылады және электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Адвокаттық және нотариаттық қызметпен лицензиялауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырады.

Еркін БЕКБЕРГЕНОВ,
Ақмола облысы әділет департаментінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар