Ақмола облысында «Зиялі қауым» пилоттық жобасы жұмысын жалғастыруда. Бүгінгі таңда бағдарлама өңірдің бірқатар ауылдарында сәтті енгізіліп, жұмыс істеуде. Мәселен, ағымдағы жылдың 15 қаңтарынан басталған «Тұрмыс» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақмола облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Серік Әбутәліпов пилоттық жоба аясында жұмыс істеп жатқан Қоғамдастық Кеңесінің жұмыс отырысына қатысты.
Іс-шараға қатысушылар, оның ішінде беделді ауыл тұрғындары мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері Сандықтау аудандық полиция бөлімінің ЖПҚБ учаскелік инспекторы майор Асылхан Рахимовтың отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында бірнеше рет құқыққа қайшы әрекеттерге жол беретін құқық бұзушылардың мінез-құлқы туралы ақпаратын тыңдады.
Отбасыларға құқық бұзушыларға қатысты қабылданып жатқан шаралар, оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту, есепке қою, қажет болған жағдайда алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы түсініктемелер берілді.
Сол күні облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасарымен Сандықатау ауданының ауылдық округтерінің әкімдерімен жұмыс кездесуі өтті, онда С. Әбутәліпов өңірдегі криминогендік ахуалдың жай-күйі, құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы баяндады.
Сонымен қатар, Серік Махриддинович «Зиялы қауым» бағдарламасының отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алудағы, заңға бағынатын мінез-құлықты насихаттаудағы, ауылдағы қоғамдық тәртіпті жүйелі түрде бұзатын құқық бұзушылармен жұмыс істеудегі тиімділігі туралы айтып берді.
Естеріңізге сала кетейік, жобаның мақсаты — атқарушы органдардың, шаруашылық жүргізуші субъектілер басшыларының облыстың елді мекендерінің аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде учаскелік полиция инспекторларына көмек көрсетудегі күш-жігерін біріктіру.