Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу: 1 наурызға билет алғандар не істеуі керек - АРҚА АЖАРЫ

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу: 1 наурызға билет алғандар не істеуі керек

– Көлік министрлігі Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен (IATA) бірлесіп жүйелі жұмыс атқарды. Нәтижесінде қазақстандық авиакомпаниялар әуе билетін сату жүйесіне тиісті өзгерістер енгізді. Бұл жайында Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 20 қаулысына сәйкес, 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00–де) Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Абай, Ұлытау, Жетісу, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында жергілікті уақыт 1 сағатқа артқа шегеріледі.

Жолаушыларға бұрын сатып алынған әуе билеттеріне енгізілген түзетулер туралы тиісті хабарлама жіберілген.

Бұл ретте жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында 29 ақпан мен 2 наурыз аралығында Авиация әкімшілігі жедел штабында рейстің ұшу-келу уақытын өзгерту мәселесі бойынша сенім телефоны жұмыс істейді.

Жолаушылар мына нөмірлерге хабарласа алады: +7 (717-27) 9-82-14, + 77172 798213.

Сондай-ақ, ағымдағы рейстің жағдайын нақтылау үшін жолаушыларға әуежайдың ақпарат қызметтеріне, қосымшаларға және авиакомпанияның байланыс орталықтарына хабарласуға болады:

Air Astana: + 7727244 44 77, +7 (717-25) 8-44-77, +7 (702-70) 2-44-77;
FlyArystan: +7 727 331 1010 (WhatsApp +7 (702-70) 2-02-27;
SCAT: +7 (725-29) 9-88-80;
Qazaq Air: + 7 727 356 14 14.

Дереккөз: kaz.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар