Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бүгін бірқатар өңірде сағат тілі 60 минутқа кейін шегерілді - АРҚА АЖАРЫ

Бүгін бірқатар өңірде сағат тілі 60 минутқа кейін шегерілді

— Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі (UTC+5) орнады. Астананың EXPO алаңындағы «Нұр Әлем» сферасында сағат тілі бір сағатқа артқа жылжыды.

«Қазақстан Республикасының аумағындағы уақытты есептеу тәртібі туралы» Үкімет қаулысына енгізілген өзгертулерге сәйкес, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақыт 1 сағатқа артқа қойылды.

Бүгінгі күнге дейін  Қазақстанда UTC+5 және UTC+6 екі уақыт белдеуі бар. Ел аумағының көп бөлігі (батыс облыстарды қоспағанда) UTC+6 аймағында орналасқан.

Қазақстанда біртұтас уақыт белдеуін енгізуді уақытты есептеу мәселесі жөніндегі жұмыс тобына кірген қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар ұсынған болатын.

Жұмыс тобы 2023 жылдың сәуірінде қазақстандықтардың ең қолайлы уақыт белдеуіне көшу туралы бірнеше мәрте берілген өтінішіне байланысты құрылды.

Оның құрамына ғылыми институттар, медициналық университеттер, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары және т. б. кірді.

Бір жыл ішінде медицина, физиология, география, метрология және т. б. салаларды қамтитын жұмыс тобының мүшелері Қазақстанда қолайлы уақыт белдеуін белгілеу мәселесін зерттеді.

Жұмыс тобы UTC+5 бірыңғай уақыт белдеуіне көшу — ең дұрыс және оңтайлы жол деп тапты. Бұл ретте Қазақстанның көптеген аймақтары табиғи уақытқа ең жақын уақытты пайдаланатын болады.

Жұмыс тобы халықаралық тәжірибені зерттеп, оның барысында әлемнің 175 елінде біртұтас сағат белдеуі жұмыс істейтінін, ал бір сағаттық белдеуде небары 22 мемлекет тұратынын анықтады.

Бұған дейін уақыт белдеуінің өзгеруіне қалай бейімделу керектігі хабарланған болатын. Пойыз бен ұшақты жіберіп алмау туралы ұсыныстар да айтылды.

Цифрлық даму министрлігі қазақстандықтар үшін гаджеттер мен компьютерді жаңарту және жаңа уақыт белдеуіне уақтылы көшу бойынша әмбебап нұсқаулық дайындаған еді.

Дереккөз:  kaz.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар