Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әділетті Қазақстанды бірлесіп құруымыз керек - АРҚА АЖАРЫ

Әділетті Қазақстанды бірлесіп құруымыз керек

Адал азаматқа тән адами қасиеттер әрбір адамның бойынан табылуыкерек деп ойлаймын. Осы орайда, біз өскелең ұрпақтың бойына ұлттық рухани құндылықтарымызды дарыта отырып, жастарымызды нағыз шынайы азамат болуға тәрбиелеуіміз қажет.

Ұлттың бітім-болмысы білім, ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы қалыптасады. Сол себептен, ұрпақ тәрбиесіне аса мән беріп, жастарды адамгершілікке, жақсылыққа жетелеу парыз. Неге десеңіз, сапалы ұлттың болмысы саналы ұрпақ тәрбиесінен бастау алатыны шындық.

Бүгінде ел дамуының алдында ауқымды да маңызды мәселелер тұрғаны белгілі. Қоғамда еңбекқорлық пен жасампаздық, білімпаздық пен жаңашылдық салтанат құруға тиіс. Біз озық ойлы ұлт ретінде халқымызды біріктіретін, тек қана алға бастайтын жолды таңдадық. Ұлтымыз дамып-өркендесін десек, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білгеніміз жөн.

Ұрпақтан-ұрпаққа жеткен бабалар аманаты, бойымызға сіңген адами қасиеттеріміз бен рухани құндылықтарымыз бәрінен де жоғары тұруы қажет. Осынау халқымызды табысқа жетелейтін асыл да киелі қазыналарымызды ұрпақ санасына сіңіре білсек, сапалы ұлтқа, бәсекеге қабілетті ұлағатты азаматқа айналарымыз сөзсіз.

Жаңадан бастау алған Ұлттық құрылтай отырыстары бүгінде идеология саласындағы мәселелерді, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру ісін, қоғамның  жүйесін жаңғырту жайын талқылайтын алқалы жиын орнына айналып отыр. Онда ұлттың болашағына ықпал ететін мемлекеттік мәселелер талқыланып, өз шешімін табуда.

Құрылтайдың алғашқы отырысы ұлтымыздың алтын ұясы – Ұлытауда өткізіліп, көптеген маңызды істер өз шешімін тапқаны да белгілі. Бірінші құрылтай жалпыұлттық референдумнан кейін шақырылды. Бұл Әділетті Қазақстанды құру жолында еліміздегі айрықша маңызы бар тарихи кезең болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында, «Біз ұлттық бірегейлігімізді нығайтуымыз қажет. Ұлтымыздың бірегейлігі бұл – оның табысты болуы деген сөз. Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек. Ұлттың жаңа болмысы білім, ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы қалыптасады. Осы үш бағытты рухани даму саласындағы жұмыстың мызғымас үштағаны деуге болады.

Біз ұрпақ тәрбиесіне баса мән беріп, жастарды жақсылыққа жетелеуіміз керек. Мемлекеттің ең басты байлығы – адам, яғни, азаматтар. Әрбір ата-ана саналы ұрпақ өсіруге баса мән беруге тиіс. Сол сияқты, мектеп те – білімнің ғана емес, тәлім-тәрбиенің ордасы.Баланың бойына біліммен қатар адамгершілік құндылықтарды сіңіру – ұстаздың міндеті. Осыған орай, балабақшадағы және мектептегі тәрбие ісіне бәріміз қоғам болып мән беруіміз керек, сондай-ақ, белсене атсалысуымыз қажет», – деп сөзін түйіндеген болатын.

Киелі шаhарымыз Түркістандағы іргелі іс-шарада Президентіміз қазақстандық қоғам құру және мемлекет алдында тұрған басым міндеттерге ерекше тоқталды. Әсіресе, еліміздің дамып-өркендеуіне қатысты маңыз­ды­ мәселеге, соның ішінде адал азамат қандай болуға тиіс деген өзекті сұраққа да өз көзқарасын білдіріп өтті. Адал аза­­мат ұғымы қазақ халқы үшін қа­шанда қастерлі болғанына көзіміз жет­еді. Осынау адалдықты наси­хат­тайтын қазақ хал­қының даналығыбарша жұрт­ты адалдыққа, адамгершілікке, антқа беріктікке шақырары сөзсіз.

Адал адам ұғымы әсіресе, қазақ әде­бие­тіндекөп кездеседі. Соның ішінде қазақтың бас ақыны Абай Құнан­бай­ұлының шығармаларында «Талап, еңбек, терең ой, қана­ғат, рақым, ойлап қой – бес асыл іс, көн­се­ңіз», «Ақыл қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден ерек» деп, адал адам ұғымының негізгі ұстанымдарын ерекше атайды. Сондай-ақ, ұлы жазушы, қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезов те «Адалдық – ардың ісі», «Адал кісі арымас» деген  халық даналығын баса айтып, «Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен» деген саналы ойдың нәрін ұғындырады.

Адал азамат Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санайды. Өзінің мәдениетін құрметтеп, ұлттық салт-дәстүрлерді біледі, оны барынша сақтай алады. Сондай-ақ, әр қадамына жауапкершілікпен қарап, әдепті және мейірімді, сөзіне берік, ісіне адал,кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары қояды. Міне, осындай адал іс-әрекет басқаларға үлгі болып, қоғам­ның­ өзгеруіне жол ашады. Ендеше, адалдыққа сенім артқан қоғам құру өзімізге тікелей байла­нысты.

Президент құрылтайда Әді­лет­ті Қазақстанды адал азаматтар құра­ты­нын, оның бір-бірімен өте тығыз байланысты ұғымдар екеніне барынша екпін берді. Адал адам мен әділетті мемлекет – егіз ұғым. Дана халқымызда адалдықты, отан­с­үйгіштікті насихаттайтын өсиет жетер­лік. Мәселен, «Отан – Ананы» қастерлеу әрбір азаматтың­ парызы болып табылады.

Осы орайда, ел Президентінің «Біздің әлемдегі орнымыз, ең алдымен, ұлтымыздың сапасына байланысты болмақ. Қуатты ел боламыз десек, бірлесе отырып, бірқатар маңызды сауалға жауап беруге тиіспіз. Біз болашағы қандай мемлекет құрып жатырмыз? Ұлтымыз нені армандайды? Қазақстан азаматы қандай болуы керек? Елді дамытуға кедергі келтіретін нәрсенің бәрінен арылып, құндылықтарымызды нығайта түсуіміз қажет. Сонда ғана ұлттың жаңа сапасын қалыптастырамыз, сан ғасырлық мемлекеттілігіміздің тұғырын бекемдейміз. Олай болмаса, даму көшінің соңында қалып, ақырында құрдымға кетеміз» дегені тағы бар.

Бұдан шығатын қорытынды, ендігі жерде қоғамымызда елдің бірлігі және тұрақтылығы, азаматтардың өзара тілектестігі, әділдік, заң мен тәртіп, сенім және жауапкершілік сияқты құндылықтар үстемдік құруы қажет. Отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық сияқты асыл қасиеттер бәрінен биік тұруға тиіс.

Елімізде осы талапқа жауап беретін отаншыл, жасампаз, дарынды да білімді, озық та еңбекқор жандар аз емес. Міне, осындай білікті азаматтар еліміздің жарқын болашағының іргетасын қалайтын нағыз патриоттар  екеніне сенгің келеді.

Тәуелсіз Қазақстанда рухы азат, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ өсіп келеді. Жас ұрпақ тарих тағылымын және елдің жарқын болашаққа ұмтылысын бір арнаға тоғыстырып, ұлттың рухын жаңғыртуда. Біз, аға буын өкілдері жастарды еңбекқорлыққа баулып, іскерлік, адалдық сияқты құндылықтарды өзіміз үлгі көрсету арқылы дәріптеуіміз керек деп ойлаймын.

Біздің әлемдегі орнымыз, ең алдымен, ұлтымыздың сапасына байланысты. Тәрбиелі, ұлағатты ұрпақ ұлттың сапасын құрайтыны рас. Еліміздің қуаты осымен, сондай-ақ, саяси тұрақтылығымен, экономикалық қау­қарымен ерекшеленеді. Еліміздің алдағы басты міндеті де сол бәсекеге қабілетті сапалы ұлтты қалыптастырып, саналы да салиқалы ұрпақ тәрбиелеу.

Демократияның айқын көрінісі айшықтала түсуі қазіргі кезеңде өте маңызды. Себебі, біз «Әділетті Қазақстан» мен «Адал азамат» ұғымдарын ерекше құндылықтар ретінде іс жүзінде қолдана алғанда ғана өркениетті елдердің қатарына қосыла аламыз.

Ойымызды қорыта айтар болсақ, адал адам, адал азамат қара басының қамын емес, елінің, халқының игі­лігін ойлауға тиіс. Озық ойлы ұлт ретінде тек қана ілгері қадам басуға тиіспіз. Сонда ғана алға қойған игі мақсаттарымыз іске асады деген ойдамын.

 Айдар ҚОЖАБАЕВ,
 «Қоғамдық даму орталығы»
 коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар