Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ешкімге де заңды аттап, зорлық-зомбылық жасауға болмайды - АРҚА АЖАРЫ

Ешкімге де заңды аттап, зорлық-зомбылық жасауға болмайды

Ақмола облысының прокуроры Айдос Майлыбаевтың төрағалығымен заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Үйлестіру кеңесінің жұмысына облыс әкімінің орынбасары, облыстың құқық қорғау және мемлекеттік органдарының басшылары қатысты.Отырыста екі мәселе қаралып, бірінші мәселе бойыншабұрын қылмыс жасағандармен, оның ішінде іс-әрекеттерінде қылмыс рецидивы бар және пробация қызметі есебінде тұрған, соттылығы алынбаған және өтелмеген тұлғалармен жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша 2023 жылы және 2024 жылдың өткен кезеңіндегі жұмыстың жай-күйі талқыланды.

Талқылау барысында облыс прокуроры Айдос Майлыбаев қылмыстарды алдын алуға Мемлекет басшысы және Бас Прокурор ерекше назар аударып отырғандығын атап өтті.Өңірде жекелеген қылмыстардың өсуіне байланысты облыс прокуроры жергілікті полиция және облыстың пробация қызметтерінің жұмысын жақсарту бойынша бірқатар қосымша міндеттер белгіледі.

Сондай-ақ, отырыста екінші мәселеретінде2023 жылы азаптаулардың алдын алуға бағытталған құқық қорғау органдарының қызметіндегі заңдылықтың жай-күйі талқыланды.Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабында ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқада қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайтындығы атап көрсетілген. Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында барлық күштік құрылымдарға азаптау фактілеріне жол бермеуді тапсырған болатын.

Облыс прокуроры қылмыстық қудалау органдары басшыларының назарын тергеудің рұқсат етілмеген тәсілдерін қолдануға жол бермеу қажеттігіне аударды. Отырыс нәтижелері бойынша тиісті мемлекеттік органдардың алдына осы тұрғыдағы бар кемшіліктерді жою жөнінде нақты міндеттер қойылды.

                                     Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар