Бұл туралы Ақмола облысы бойынша экология департаментінің экологиялық реттеу бөлімінің басшысы Айнұр Бажирова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Бөлім басшысының айтуынша, жүйелі жоспарланған жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізіліп, эмиссиялар нормативтерінтөмендету бойынша тұрақты жұмыс қолға алынған.
– Қоршаған ортаны қорғау мақсатында тиімді іс-шараларды енгізу арқылы нақты эмиссиялардың өсуін жою және болдырмау жөніндегі жұмыстарға ерекше назар аударылады.Қоршаған ортаға техногендік әсерді азайту және экологиялық жағдайды жақсарту үшін Ақмола облысының кәсіпорындарымен жыл сайын өз қаражаты есебінен орындалатын табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарлары әзірленеді. Осы мақсатты жұмыстардың жүйелі орындалуынан «ЭкоБизнес» серіктестігінің шығарындылары азайтылды. Төмендеу 713,965 тоннаны құрап отыр. Сондай-ақ, «Ақсу Technology» серіктестігінің де шығарындылары азайтылды. Төмендеу 126 тоннаны құрады. Осындай үрдіс «Қазақалтын»серіктестігіне қарасты Жолымбет кенішінде, «Өркен» серіктестігінде, «Altyntau Kokshetau» акционерлік қоғамында, Бестөбе кентіндегі кәсіпорында, «Макинск құс фабрикасы» мен «Summit Atom Rare Earth Company» серіктестіктерінде байқалады, – дейді бөлім басшысы.
Сондай-ақ, ол өз сөзінде қоршаған ортаға эмиссияларды реттеу шеңберінде заңнамаға сәйкес қоршаған ортаға әсер ететін кәсіпорындарда мониторингтің автоматтандырылған жүйесін орнату көзделгенін атап өтті. Экологиялық кодекстің 418-бабының 16-тармағына сәйкес 2021 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген объектілерге қатысты эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингі жүйесінің міндетті түрде болуы туралы осы Кодекстің талабы 2023 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданылады. Бұл әрбір кәсіпорынның зиянды қалдықтары туралы жедел әрі шынайы ақпарат алуға бағытталған. Ақмола облысында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесінорнатудың міндетті критерийлеріне 4 кәсіпорын жатады. Атап айтар болсақ, «Көкше-Цемент” кәсіпорны, «Степногор ЖЭО», «Котельная АСИ» серіктестіктері мен «Көкшетау Жылу»мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. Оның ішінде «Көкше-Цемент»кәсіпорны және «Степногорск ЖЭО» мсеріктестігі автоматтандырылған датчиктерді орнатып, қазіргі уақытта деректерді қосу және беру жұмыстарын жүргізуде.
– Экология департаменті өз қызметінде аймақтың қолайсыз экологиялық жағдайы кәсіпорындардың Экологиялық кодекстің талаптарын сақтамауының сондай-ақ, толық орындамауының салдары екенін түсіндіреді. Сондықтан, Экология департаменті қызметіндегі басым міндеттердің бірі Экологиялық заңнама талаптарының сақталуын қадағалау және реттеу болып табылады, – деп түсіндірді бөлім басшысы.
Брифинг соңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.