Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мәселе шешімін тауып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Мәселе шешімін тауып келеді

Облыс орталығындағы өткір мәселелердің бірі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының жоқтығы еді. Биыл сең орнынан жылжыды. Өткен ақпан айында «ECO-DUMP» ЖШС Көкшетау қаласындағықатты тұрмыстық қалдықтар полигонына экологиялық лицензия алды.

Полигон қала іргесіндегі Краснояр ауылынан үш шақырым жерде орналасқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ECO-DUMP» серіктестігінің басшысы Мәриям Әбішева мәлімдеді.

Ақмола облысында 130 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының 28-інің ғана рұқсаты бар. Ал, Көкшетау қаласында бұрын-соңды тұрмыстық қатты қалдықтарды жинайтын және сақтайтын заңды алаң болмаған. Осы мәселені шешу үшін «ECO-DUMP» серіктестігі былтыр қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған алаң сатып алған. Бірақ, экологиялық лицензия 2024 жылдың ақпан айында ғана берілген.Өткен жылдың бірінші жартыжылдығында 130 мың шаршы метр қоқыс орны көмілген. Қазіргі уақытта сынақ алаңында 20 қызметкер жұмыс істейді, штат санын 50 адамға жеткізу жоспарлануда. Күн сайын полигонға орта есеппен 131 тонна қалдық түседі. Серіктестік директорының айтуынша, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын күтіп ұстаукүрделі әрі қиын жұмыс, қаржы мәселесіде көптеп туындайды.

–Қазір біз «Жасыл Даму» акционерлік қоғамына сұрыптау желілерін, резеңке, құрылыс, медициналық қалдықтарды, пластмасса, макулатура және ағаш қалдықтарын өңдеуге арналған жабдықтарды қаржыландыруға өтінім дайындап жатырмыз. Сонымен бірге, Қытайдан келетін әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізудеміз. Толық қайта өңдеу циклін ұйымдастырғымыз келеді. Яғни, осы қалдықтардан электр қуатын алуды көздеп отырмыз. Бұл күрделі жоба және Қазақстанда әлі қолданылып көрмеген, –  дейді Мәриям Серікқызы алдағы жұмыс жоспарымен бөлісіп.

Мұндай жоба компания, инвесторлар үшін де тәуекелділікті талап етеді. Бірақ, «ECO-DUMP» ЖШС қалдықтарды қайта өңдеп қана қоймай, одан пайда табуды да жоспарлап отыр.Серіктестік басшысы брифинг барысында «Қазір біз Қытай, Түркия, Франция, Ресей сияқты бірнеше елдердің озық технологияларын қарастырып жатырмыз. Біз Қытайданәлеуетті инвесторларды да күтеміз. Олардың Шанхайда және Еуропада өз зауыттары бар», – деп шетелдік технологияларды да қолданатынын атап өтті.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар