Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Флюорографиялық тексеріс – міндетті іс - АРҚА АЖАРЫ

Флюорографиялық тексеріс – міндетті іс

Кеуде қуысының флюорографиясы – көпшілікті жаппай рентген сәулесімен тексеру әдісі, кәдімгі фотопленкаға жарық беретін флюоресценциялық экраннан зерттеленуші адамның рентген суретін фотоаппаратпен түсіріп алу, яғни, кеуде қуысы мен өкпе органдарын рент­ге­но­логиялық тексерудің профи­лак­тикалық және диагностикалық әдісі.

Соңғы жылдарда флюорография әдісі санды (цифрлы) тәсіл түріне көшуде. Әдіс арзан, аз уақытта көп адамды зерттеуге болады, сондықтан, флюорография кейбір өкпе ауруларын (рак, туберкулез және т.б.) бастапқы кезінде анықтау үшін тиімді тәсіл. Ең біріншісі әрине, туберкулез. Себебі, туберкулездің бастапқы сатысы клиникалық белгілерсіз жүруі мүмкін және де басқа респираторлы аурулардың симптомдарына ұқсас жүруі мүмкін.

Флюо­рография диагностикалық мақсатта жылына бір рет барлық ересектер мен 15 жас­тан бастап жасөспірімдерге жүргізіледі. Барлық рентгенологиялық зерттеулерді 14 жасқа дейінгі жасөспірімдерге және жүкті әйелдерге өтуге тыйым са­лы­нады.

Флюорография арнайы дайындықты қажет етпейді және кез келген уақытта өткізіледі. Зерттеудің негізгі қағидаларына тоқталар болсақ, зерттеу жүргізер алдында бірнеше сағатқа темекі шегуден бас тарту керек. Бұл анық және айқын көріністі алуға мүмкіндік береді. Емшара басталғанға дейін дененің жоғарғы бөлігін ашып, емшара алдында барлық металл заттарды (шынжырлар, кулондар, тағы басқалары), сондай-ақ, бет пен денеден құрамында металл бар косметиканы алып тастау керек және де шашы ұзын адамдарға шаштарын төбеге жинауы ұсынылады. Зерттеу тек тік жағдайда жүргізіледі, сондықтан, бұл әдіс жатқан науқасқа тағайындалмайды. Флюоро­гр­афия кезінде рентгенологтың барлық ұсы­ныс­тарын дәл орындау керек. Сурет барынша терең демалғанда жасалады, бұл кезеңде өкпе жақсы ашылып, толық суретті алуға мүмкіндік береді.

Әрине, өкпе флюорографиясы патология туралы нақты ақпарат бермейді, бірақ, өкпе тіндеріндегі өзгерістерді, сұйықтықтар мен жаңа өскін жасушаларының пайда болуын дер кезінде диагностикалауға мүмкіндік береді.

Біздің әлемнің құндылығы, ол – адамдар. Әрбір адамның басты арманы – ауырмау, ауырып қалса, тез сауығып кету.Жыл сайынғы флюорографиялық тексеріс әрбір адамның санасында міндетті түрде бірге жүруі тиіс. Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз!

Шаттық ОРЫНБАСАР,
рентгенолог дәрігер.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар