Жастарды патриоттық рух пен отаншылдық сезімге тәрбиелеу бүгінгі қоғамның басты мәселелерінің бірі. Әсіресе, елі мен жерін қорғайтын азаматтардың өр намысы мен батыл жүректі болуы қажеттілігін уақыттың өзі дәлелдеп отыр.
«Ауған соғысы мүгедектері мен ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дуанбай Ыбырай ел болашағы – жастардың бойындағы ізгі қасиеттердің табылуы маңызды деді. «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының алға қойған бағыт-бағдарымен танысқан қоғам белсендісі Манифест-үндеуде көтерілген мәселелердің елімізде аса өзекті екенін атап өтті.
«Әділдік және өркендеу» қарапайым халықтың, еңбек адамдарының мұң-мұқтажына көңіл бөліп, қолдайтын қор болып отыр. Болашақта үлкен ізгі бастамаларды жүзеге асырады деп ойлаймын», – дейді Дуанбай Ыбырай.
Соғыс ардагері өз сөзінде «Ауған соғысы мүгедектері мен ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Қордың қолдаушысы ретінде барынша көмек қолын созуға дайын екенін жеткізді.
https://adildik.org.kz/manifest/kz