Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Наурыз, бақ болып кел бізге! - АРҚА АЖАРЫ

Наурыз, бақ болып кел бізге!

Міне жаңа өмірдің, қайта басталатын күн есебінің басы, көктемнің көш басшысы Ұлыстың ұлы күні – Наурызда келді. Наурыз – қазақ халқы үшін береке-бірліктің, ел-жұрт, ағайын-туыс арасындағы татулықтың, ерен еңбектің, жаңарған тіршіліктің ұлы символы.

Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханына елімнің,
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата-бабам тойлаған,

Наурызым, армысың! – дей отырып, сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтап қойсам артық емес қой деп ойлаймын. Осы ұлыстың ұлы күніне байланысты Станциондық үлгілі кітапханасы «Наурыз, бақ болып кел бізге!» атты наурыз-бата шарасын өткізді.

«Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деген халқымыз ежелден әрбір ісін батасыз бастамайтын. Ұрпағына үлкеннен бата, елдің тілегін, ықыласын алуды санасына сіңіріп отырған. Жастар бұл күні үлкендерден бата алуға тырысады. Және наурызда алған батаның орныбөлек. Бата беру – адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан рухани қуаталған, ол жақсылыққа жол ашады деп сенген. Сондықтан да, қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан бата алуға құштар болған.

Соған орай, кітапханамызда өткен шараға көп балалы отбасы иелері Амантай Есқақов  пен Әсел Ілиясова қатысты. Отбасында жеті баланы өмірге әкеліп, өсірген Әсел Қаблашқызы 2022 жылы «Алтын алқа» алқасын иеленген көрінеді. Қазір бұл ата-ана өнегелі ұрпақ тәрбиелеп, оларды еліміздің ардақты  азаматтары санатына қосу қамында.

Кеш барысында қадірлі қариямыз, «Шаңырақ» тобының мүшесі Сүйінбек атадан ақ бата сұрадық. Ол кісі келісті мақам, көркем мәтінмен жақсы бата беріп, ауыртпалықтарыңыз болса ескі жылмен кетсін, жаңа жылымыз тек жақсылық әкелсін деп ақ тілегін жеткізді. Иә, Алла тағалам жаңа жылда жаңа ырыздықпен қауышуға жазсын!

 Р. ТҰРЛЫБЕКОВА,
Станциондық үлгілі кітапханасының  кітапханашысы.

Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар