Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елді мекендер сапалы ауыз суды тосуда - АРҚА АЖАРЫ

Елді мекендер сапалы ауыз суды тосуда

Өткен жылы жиырма тоғыз елді мекен тіршілік нәрімен, оның ішіндеон екі ауыл орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаев мәлімдеді.

– 2024 жылы сумен жабдықтауға алпыс бес жобаны іске асыру үшінотыз миллиард теңге бөлінді. Оның қырық екісі биыл аяқталмақ, қалғаны келесі жылға шегеріледі. Бұдан бөлек, республикалық бюджетті нақтылауға қосымша 34,8 миллиард теңге бөлініп, тағы қырық бес жоба мақұлданды, – деді басқарма басшысы жұмыс жоспарын таныстырып. Сондай-ақ, биыл қалаларды сумен жабдықтауды тоқсан тоғыз пайызға дейін жеткізу жоспарланса, ауылдық елді мекендерді 96,1 пайыз деңгейіне көтеру көзделген. Оның шеңберінде, ауылдық елді мекендерде 10,5 мың тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылады. Ал, жылумен жабдықтау саласында былтыр төрт жоба іске асырылып, 14,8 шақырым жылу желілері пайдалануға берілген.

– 45 ауылға су құбыры желілерін тарту, 67 ауылға кешенді блоктық модульдерді орнату, жиырма тоғыз ауылға фильтрлер орнату арқылы ұңғымаларды бұрғылау қажет. Басқарманың мақсаты – 2025 жылға қарай халықты сумен қамтудың 100 пайыз қолжетімділігін қамтамасыз ету, – дей келе Данияр Қуанышбаев «Жылумен жабдықтау бойынша өткен жылы құрылыс және реконструкциялауға 23,2 миллиард теңге бөлінді. Осы жылы, жылумен жабдықтау желілері мен жылу көздерін салу және қайта жаңарту бойынша он төрт жобаны іске асыруға 8,1 миллиард теңге қарастырылды. Тозығы жоғары аймақтарға ерекше назар аударылады, олар Атбасар және Степногорск қаласы.

Сонымен бірге, газбен жабдықтау және энергетика салаларындағы жобалар да іске асырылуда. Биыл Аршалы ауданына қарасты Жібек жолы ауылы мен Целиноград ауданындағы Шұбар, Аққайың, Қоянды ауылдарын газдандыру жұмыстары аяқталмақ. Осылайша 650 шақырымнан астам газбен жабдықтау желілері пайдалануға беріліп, отыз  төрт мың тұрғын табиғи газбен қамтылуы ықтимал.Оған қоса, сексен мың тұрғыны бар бес елді мекенді газдандыруға жалпы құны 20,7 миллиард теңгеге жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Онда, Қосшы қаласы, Тайтөбе, Қаражар, Қараөткел, Қызылсуат ауылдарыбелгіленген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде тұрғын үй-коммуналдық саласын ауқымды жаңарту жұмыстарын жүргізу көзделуде. Мәселен, ағымдағы жылы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бекітілген бюджеті 63,5 миллардтеңгеге жетіп отыр. Оның 29,2 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттен 34,5 миллиард теңге бөлінген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда жиырма екі миллард теңгеге артық. Бюджетті анықтау аясында бұл қаражат алдағы уақытта біршама ұлғайып, көптеген жобаға қолдау көрсетілмек.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар