Көкшетау қаласында адамдарды эвакуациялау жалғасуда. Барлығы 113 адам эвакуацияланды, оның ішінде 30 бала. Көкшетау қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бейімдеу орталығына 50-ден астам адам орналастырылды.
Бүгін, Қылшақты өзенінің жағасынан судың шығуына байланысты 16 жеке үй, 29 жеке аула аумағы және 12 көп қабатты тұрғын үй ауласы, сондай-ақ «Ертөстік» балабақшасының 1 қабаты су астында қалды.
Қазіргі уақытта еріген суды сору жұмыстары жалғасуда. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыстар ауысым бойынша үзіліссіз жүргізілуде.
Дереккөз: www.gov.kz