Облыс әкімдігінде Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен су тасқынына қарсы штабтың отырысы өтті. Кеңеске ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айна Мысырәлімова мен Юлия Кучинская да қатысты.
«Қазіргі уақытта Көкшетаудағы жағдай тұрақталды. Өзен жағалауларын қоршау бойынша барлық қажетті шаралар қабылданды. Су басқан аулалар мен басқа да нысандарды айдау жұмыстары жүргізілуде. Су тасқынының негізгі себептері күздегі жаңбырдан кейін жер толығымен сіңіп, күрт салқындағанда жер қатып, содан кейін қар жамылғысы болғанын атап өткен жөн. Оған қоса ақпан айында жаңбыр жауды, ол 7-8 см-ге дейін мұз қабығын құрады. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда. 30 наурыздағы жағдай бойынша Қылшақты өзеніндегі су деңгейі 90 см», — деп атап өтті Марат Ахметжанов.
Қылшақты өзені арқылы еріген суды өткізудің қауіпсіз режимі – 110 см. Қауіпті белгі – 120 см болған кезде өзен жағасынан шығу қаупі бар екенін еске саламыз. 29 наурызға қараған түні су деңгейі 190 см-ге көтерілді.
Облыс әкімі халыққа келтірілген залалды өтеу үшін арнайы комиссия құрылғанын атап өтті.
Облыс бойынша ағымдағы жағдай туралы ТЖД бастығы Қанат Доспаев, Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Гайса және «Қазгидромет» филиалының директоры Бақыт Мақажанова баяндады.
Кеңесті қорытындылай келе, Марат Ахметжанов мемлекеттік органдардың барлық басшыларына барлық қажетті шараларды қабылдауды және су тасқынының өтуін бақылауда ұстауды тапсырды.
Дереккөз: www.gov.kz