Ағымдағы жағдайдың жалпы көрінісін бағалау мақсатында Марат Ахметжанов Көкшетаудағы су тасқынына қарсы жұмыстардың барысын тексерді.
Қазіргі уақытта облыс орталығында жағдай шиеленісті тұрақты деп сипатталады.
Тәулік бойы атқарушы органдардың 120 – дан астам қызметкері, Төтенше жағдайлар және басқа да қызметтердің 100 қызметкері жұмыс істейді. 80-ге жуық техника мен 20 мотопомпалар жұмылдырылды.
Застанционный шағын ауданында Қылшақты өзеніне еріген су ағынын азайту үшін арнайы қорғаныс құрылғысы тұрғызылды. Жақын маңдағы Зеренді ауданының Қызыл Жұлдыз ауылында айналма арық орнатылған. Коммуналдық қызметтердің арнайы машиналары №12 ОМ ауданындағы автомобиль көпіріндегі кептелістерді жоюда.
Осының арқасында қазіргі уақытта Қылшақты өзеніндегі су деңгейі 70 см-ге төмендеді.
Облыс орталығында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда.
Дереккөз: www.gov.kz