Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жергілікті мекемелердегі жағдайға қанықты - АРҚА АЖАРЫ

Жергілікті мекемелердегі жағдайға қанықты

Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік сұрақтар жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Айнагүл Балташева Бурабай ауданының орталығы Щучинск қаласына жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік мекемелерді аралады.

Бурабай ауданындағы отбасыларды қолдау және сүйемелдеу орталығы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанында орналасқан. Орталық қиын жағдайға тап болған көп балалы, толық емес және аз қамтылған отбасыларға бірқатар қызметтер көрсетеді.  Орталық директоры Жазира Сипульдинаның айтуынша, мекеме сегіз ай бұрын ашылған. Қызмет алушылармен психолог, заңгер, әлеуметтік кеңесші жұмыс істейді. Орталықтың міндетіне отбасы институтын нығайту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, отбасыларға өз ісін ашу, қаржылық сауаттылық жағынан көмектесу, бұрынғы сотталғандар мен пробация есебінде тұрған адамдарды қайта әлеуметтендіру бойынша кеңес беру және қолдау кіреді.

Сондай-ақ, А.Балташева Қазақ саңыраулар қоғамының «Арман-Көкше» корпоративтік қоры құрған «Үміт» әлеуметтік қолдау орталығына барды.  Дағдарыс орталығы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандарға қолдау көрсетуменжәне оңалтумен айналысады. 2023 жылы орталық 10 әйелге және 21 балаға қызмет көрсетті. Ағымдағы жылдың басынан бастап дағдарыс орталығына бес адам, атап айтқанда, екі әйел, үш бала түсті.

Тұрақты комиссия төрайымы ауданның жастар ресурстық орталығының жұмысымен де танысты. Орталықтардың қызметкерлерімен әңгімелесу барысында Айнагүл Қыдырбайқызы халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдау тетіктерін жақсарту бойынша ең өзекті мәселелер мен ұсыныстарды белгілеуді сұрады. Осындай бірқатар жайларды Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің басшысы Қанат Қожағұлов жеткізді. Олардың барлығы әлеуметтік сұрақтар жөніндегі тұрақты комиссияның алдағы отырысында талқыланатын болады.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар