Ұлағатты ұстаз Айымгүл Сапарбекқызы Саденова 1983жылы 15 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Алқатерек ауылында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясында 1 «Б» сыныбының жетекшісі болып қызмет атқарады. Қаншама шәкірттерге білім нәрін беріп жүрген аяулы ана, ардақты жанға алғысымыз шексіз. Ұстаздық еңбегіне табыс тілеймін. Әрқашан елімізге білімді де саналы шәкірттер тәрбиелеуіне тілектеспіз.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуге балаға,
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға, –
Деген шумақтарды сізге қарата айтқандай. Сіздей ұстаз балаларымызға білім мен тәрбие беріп жатқанына қуанамыз.
Талайғалым, саңлақты сіздей ұстаз шығарды,
Білім нәрін аямаған бойындағы құнарлы.
Сізден оқып кеткен ұл-қыз ұстайды,
Еліне адал перзент болар ұранды.
Мақтанамыз, қуанамызерекше,
Сіздей ұстаз еліміздің ертеңіне керек те.
Өзіңізге алғысымыз көп біздің,
Сыйлы бола беріңіз әр жүректе!
Ізгі тілекпен,
Тоқтасын Семейханұлының отбасы.