«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының аймақтағы белсенділері ел бойынша су тасқынына жол бермеу жөніндегі іс-шараларға белсене қатысып, зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына көмек көрсетіп жатыр.
«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының Ақтөбе өкілдігінің басшысы Александр Мандрыкин өңірде төтенше жағдай режимінің жариялануын күтпей бірден іске кіріскен. Жағдайды объективті бағалай отырып, білікті эколог-инженер әріптестерімен бірге бөгеттер мен бекіністер салу үшін жұмыс тобын ұйымдастырды.
«Мен осы өңірде тұрамын және қауіпті аймақтарды жақсы білемін. Сондықтан біз тұрғын үйлерді үлкен судан қорғау үшін алдын ала қимылдап, өз күшімізбен бөгеттер тұрғыза бастадық. Жағдайдың күрделілігіне қарамастан, біз 50 үйдің 30-ын су тасқынынан құтқарып қалдық», – дейді қордың аймақтағы белсендісі А.Мандрыкин.
Бұған дейін Ақтөбе қорының өкілдері су тасқыны салдарынан қиын жағдайға тап болған қазақстандықтардың атына өздерінің бір күндік жалақыларын аударған болатын.
Табиғи апат ел азаматтарын біріктірді. Демалыс күндері «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының белсенділері Атырауға гуманитарлық көмек ретінде, тасқын судың бөгеу үшін 10 мың қап жіберді.
Қордың Атырау облысындағы өкілдігінің басшысы Алена Асамбаеваның айтуынша, Жайық өзенінің жағалауын бөгеу үшін құм салынған қапшықтар қажет. Осы күндері мұндай қорғаныс әдісі Атыраудың 20 учаскесінде, сондай-ақ қала маңында бір мезетте жүргізілуде. Тіпті түнде де тоқтамайды. Облыс тұрғындары өз қаражаттарына қаптар, күректер, қолғаптар және жанармай сатып алуда.
«Қордың өңірлік өкілдігі «Атырау еріктілері» чатын ашты. Қазір оның 1023 қатысушысы бар. Чат арқылы қала еріктілері бір-біріне қажетті заттар мен жабдықтарды сатып алуға көмектеседі, бұл чатқа жақын маңдағы елді мекендерден бөгет салып беруге көмек сұрап та жазып жатыр. Бұл іске әйелдер қауымдастықтары мен үкіметтік емес сектор өкілдері де қосылып, еріктілерге ыстық тамақ тарату таратып жатыр», – дейді еріктілердің жанында жүрген қор белсендісі Алена Асамбаева.
Батыс Қазақстан облысындағы Қор белсенділері де су тасқынынан зардап шеккен аудандарға көмегін көрсетіп жатыр. Осылайша олар табиғи апаттың зардабын азайту үшін жергілікті атқарушы органдарымен, еріктілерімен және өзге де ұйымдарымен күш біріктірді.
«Мен, менің қордағы әріптестерім белсенді азаматтық ұстанымы бар азаматтар ретінде елде болып жатқан оқиғаларға немқұрайлы қарай алмадық. Өңір белсенділерінің дені су тасқынына қарсы күресіп жүр. Дулат Жүсіпқалиев, Гүлзия Ахметова секілді аймақтағы қор өкілдері еріктілермен бірге белсенді түрде қызмет етіп, гуманитарлық жүктерді қабылдаумен және жөнелтумен айналысып жүр. Ал, қоғам белсендісі Мария Пирог күн сайын іс-шаралардың бел ортасында жүріп, су тасқынынан зардап шеккен Бөрілі ауданының тұрғындарына гуманитарлық көмек ұйымдастырды. Ол еріктілер үшін түскі ас ұйымдастырып, оларды қажетті заттармен қамтамасыз етіп отыр», – деді «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының БҚО-дағы өкілі Асыланбек Губашев.
Қор белсендісі ақпараттық жұмыс жүргізіп қана қоймай, еріктілермен бірге қорғаныс бөгеттерін салумен айналысады. Ол облыста Batys Today бірыңғай телеграм-каналы жұмыс істейтінін, онда Батыс Қазақстан өңіріндегі ахуал туралы өзекті ақпарат жарияланатынын хабарлады. Асыланбек Губашевтің айтуынша, қазір зардап шеккендерге бірінші кезекте жылы киім, матрацтар мен төсек-орын керек. Сондай-ақ, су басу орындарында жұмыс істеу үшін шамдар, шатырлар, батпаққа қарсы резеңке етіктер, үрлемелі қайықтар, комбинезондар мен гидрокостюмдер қажет.
Қазақстанның барлық өңірлерінде «Әділдік және Өркендеу» қорының қоғамдық қабылдаулары жұмыс істейді. Су тасқыны кезінде қордың аймақтағы қызметкерлері гуманитарлық көмек жинау және тарату, еріктілердің жұмысын үйлестіру функцияларын атқарады. Әр азамат қордың өкілдігіне көмек үшін жүгіне алады немесе елді мекендерді тезірек қалпына келтіруге қор арқылы өз үлесін қоса алады.
Алдағы күндері бірден бірнеше өңірде өзендерде су көлемі ұлғаяды деген болжам бар. «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының өкілдері су тасқынына қарсы және оның зардабымен күресіп, бөгет пен бекіністер салу, сондай-ақ мұқтаж жандарға көмек көрсету жөніндегі ауқымды әрі маңызды істерін жалғастыра береді.
*Анықтама үшін:
Еліміздің әр өңірінің азаматтық белсенділер өз күштерін біріктіріп, «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорын құрды. Қордың мақсаты – әділетті қоғам, бақуатты Қазақстанның құрылуына өз үлесін қосуға дайын белсенді азаматтық ұстанымы бар азаматтардың басын біріктіру, осы ортақ іске тарту. Қордың басты қағидаттары негізгі құжат – Манифестте көрсетілген. Сілтеме: https://adildik.org.kz/tpost/xp2ee7ery1-aktivisti-obschestvennogo-fonda-dldk-zhn.