Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аманаттықтар әрқашан елмен бірге! - АРҚА АЖАРЫ

Аманаттықтар әрқашан елмен бірге!

Айтып келмес апат елді әбден әбігергі түсірді. Мемлекет басшысы су тасқынына қарсы жұмыста төтенше жағдай қызметі мен жергілікті атқарушы органдар ғана емес, қоғамдық бірлестіктер және бизнес өкілдерін де көмек қолын созуға шақырғаны белгілі.

Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды. Оның ішінде Ақмола облысы да бар. Өңірімізде қазір су тасқынына байланысты ахуал тұрақсыз.  Тілсіз жаумен күресте  «AMANAT» фракциясының депутаттары да қарап қалмауда. Мәселен, «AMANAT» партиясынан Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Умар Шоназаров су басқан аудандарға 40 мың дана қаптар таратып, еркітілерге резеңке етік, эвакуациаланған тұрғындарға азық-түлік пен ең қажетті заттар алып берді. Оның әріптесі облыстық мәслихат депутаты Ғалымхан Саханов Атбасар ауданы бойынша су тасқынына қарсы іс шараларға 5 миллион теңге қаражат бөліп, сумен күресіп жүрген төтенше жағдай қызметкерлеріне 2 қой сойып, ыстық тамақ берді.

Облыстық мәслихат депутаттары Ыбырай Дуанбай мен Құралай Жұмабекова Көкшетау қаласындағы Элеватор мен теміржол ықшам ауданында суда қалған тұрғындарға ыстық тамақ ұйымдастырды.

Аршалы ауданындағы Жібек Жолы ауылының іргесін бекіту үшін Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер, меценат Руслан Шәмкенов 1 миллион теңгеге арнайы техника жалдап, Нұра өзенінің іргесін бекітсе, ал облыстық мәслихат депутаттары Алмаз Мұхамедияев, Клара Мендібаева, Тимур Пшенов,  Абай Жорабек, Владимир Камышанский өз округтеріндегі су тасқынына қарсы іс шараларға белсенді ат салысып, арнайы техникамен ауыл аймақтардың қарын тазалап, ауылдардың іргесін қиыршық таспен бекітті. Қосшы қаласының Тайтөбе ауылында судан қорғанысты күшейту, нығайту жұмыстарына Акмола облыстық мәслихатының депутаты, «АМАNАТ» партиясы Қосшы қалалық филиалының партиялық Бақылау комиссиясының төрағасы Айдын Төребаев өз атынан  екі ауыр техниканы көмекке ұсынып, қиыршық тас төсеп, ауыл іргесін бекітуде осы жұмыстардың басы қасында жүр.

Ал, Көкшетау қалалық мәслихатының төрағасы Дастан Әкімов бастаған халық қалаулылары эвакуациаланған тұрғындар үшін күнделікті ыстық тамақ, жататын орынмен гигиеналық заттар алып беріп,  жалпы соммасы 4 жарым миллион теңгенің көмегін көрсетті.

Аудандық мәслихаттардағы  «AMANAT» фракциясының депутаттары да 10 миллион теңгеден астам қаржылай көмек көрсетті. Атап айтқанда Бурабай аудандық мәслихатының депутаты Талғат Джапаров арнайы техникамен барып, Кенесары аулының көшесіне арық қаздырып, су жолдарын тазартып, ауылдың іргесін бекітті.

Аманаттықтар қашанда елмен бірге. Бұл жұмыс жағдай тұрақтанғанша жалғаса бермек.

«AMANAT» партия
Ақмола облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар