Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Салауатты өмір салтын сақтаймыз - АРҚА АЖАРЫ

Салауатты өмір салтын сақтаймыз

Адамның ең қымбат байлығы – денсаулық. Жақсы денсаулық – адамның биологиялық және әлеуметтік міндеттерін орындауының негізгі шарты, тұлғаның өзін-өзі тануының іргетасы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Жарғысына сәйкес, денсаулық – бұл түрлі аурудың немесе физикалық ақаулардың жоқтығы ғана емес, толықтай физикалық, рухани және әлеуметтік аман-саулық жағдайы. Денсаулық – зор байлық дегендей» біздің балабақша  тәрбиешілері балаларға жан-жақты тәрбие беруде. Кез-келген балабақшаға баратын балалардың таңертеңнен кешке дейін уақыттары балабақшада өтеді. Осы уақыт аралығында балабақшадағы таңғы жаттығулар, драма сабағындағы ертегі айту, даладағы серуен, бес мезгіл тамақтану, қол жуу, ұйықтау және тағы басқа шаралар арқылы салауатты өмір салтын қалыптастырады.

Бала мен ата-ананың және тәрбиешінің арасындағы тығыз байланыс – ең басты мәселе. Денсаулық бізге туғаннан беріледі және белгілі бір деңгейде ол ата-аналар денсаулығы, олардың өмір салты мен ұрпағын дүниеге әкелуді қалай жоспарлайтындарына байланысты. Денсаулықтың қалыптасуы сәби тумас бұрын басталып, дүниеге келген мезеттен адамның өсуі мен дамуы тоқтамайынша жалғасады. Денсаулықты дәріханадан қандай да бір ақшаға сатып алуға немесе сыйлыққа алуға мүмкін емес, бірақ, егер әрқайсымыз салауатты өмір салтын физикалық, психологиялық, рухани және әлеуметтік аман-саулықты нығайту шарттарының негізгілерінің бірі ретінде таңдасақ, оны қалыптастырып, мықтап, ұзақ жылдарға сақтай аламыз.

«Баланы – бесіктен» деп жай айтпаған. Біздің балабақшамызда қыркүйек айынан бастап каратэ, би, вокал үйірмелері жұмыстарын жүргізуде. Балалар бұл үйірмелерге белесене қатысуда.

Салауатты өмір салтының құрамдас бөліктерін есте сақтап қадағалап отырайық.

Балабақшамыздың қызметтері медбике Фарида апай әр кезде балалардың жеке бас гигиенасын қадағалап,  әңгіме жүргізіп отырады.

Әсемгүл Уәйісова,
«Әсел» бөбекжайының тәрбиешісі.

 Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі

Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақта «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.

Ата-ананың баласына тәрбие беруінде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында ескерген үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы.

 Роза Сәдуақасова,
 «Әсел» бөбекжайының тәрбиешісі.

 Балабақшадағы ұлттық құндылықтар

Жас ұрпақтың, жеткіншектеріміз бен бөбектеріміздің бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіру – әр ата-анамен қатар, тәрбиешілердің міндеті. Бұл мақалада сіздер ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін, бөбекжайдағы бүлдіршіндерімізді тәрбиелеуге арналған ақпараттармен таныса аласыздар.

Тәрбиенің негізі отбасында қалыптасады дегенмен мұнан кейін балабақшаның да ролі зор. Ұлттық тәрбиеден салт-дәстүр, ауыз әдебиетінен нәр алып өскен ұрпақ қай кезде де аталар аманатына адал боларына кәміл сенеміз. Ұлттық салт-дәстүрді, мәдениет пен өнерді насихаттау – тәрбиенің төресі.

Бала көкпар, бәйге, қыз қуу, теңге алу, аударыспақ, тағы басқа ойындарымыз арқылы қазақи қайнардан тәлім алса, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өседі. Балабақшадағы тәрбие сәбилердің бойында жоғары деңгейдегі ұлттық сана-сезімді, рухани мұраларға және ұлттық мәдениетке деген құндылықтарды, отансүйгіштік, ұлттық намыс сезімдерін қалыптастырады. Балабақшадағы ұлттық тәрбие берудің мақсаты ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, өз ұлтының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін терең меңгеруге, ана тілін қадірлеуге баланы кішкентайынан үйрету. Балабақшадағы ұлттық тәрбиенің міндеті ата-бабамыз қолданған үрдіс пен бүгінгі жайды саралап, жас ұрпаққа халықтық педагогиканың асыл мұралары негізінде саналы тәрбие беру. Мұның бала тәрбиесінде маңызы зор.

 Мәдина ӘДІЛОВА,
«Әсел» бөбекжайының  тәрбиешісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар