Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауданды су басу қаупі ептеп сейіліп келеді - АРҚА АЖАРЫ

Ауданды су басу қаупі ептеп сейіліп келеді

Жібек жолы ауылының №6 шағын ауданының маңында еріген қар суы деңгейінің жоғарылауына байланысты тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады.

Тасқын суға тосқауыл қою жұмыстарын жалғастыру үшін жергілікті атқарушы органдар дереу 18 КамАЗ, 13 тиегіш және 6 экскаватор мен бульдозерді және адам күшін жұмылдырды.

Сонымен қатар, 9 сәуірде Қарағанды қаласының төтенше жағдайлар департаментінен көмекке 30 адам және 1 техника, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 52859 әскери бөлімінен  21 адам, 1 техника, Астана қаласынан Ұлттық ұлан бөлімінен 70 адам, 2 техника көмекке келді. Барлығы 2300 тонна инертті материал әкелініп, 35 мың қап дайындалып, төселді.

Су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізу үшін жергілікті тұрғындардан 200 адам мен 55 еріктінің де көмекке келгенін атап өткен жөн. Сонымен бірге, олар әскери қызметшілер мен құтқарушыларға ыстық шай мен ыстық тамақ әзірлеп алғыстарын білдірді.

Су тасқынына қарсы жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде және ол жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ, Аршалы ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің тұрақты бақылауында.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар