Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тарихи ескерткіштер мен орындар онкүндігі басталды - АРҚА АЖАРЫ

Тарихи ескерткіштер мен орындар онкүндігі басталды

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні 1983 жылдан бастап жыл сайын 18 сәуір  күні атап өтіледі. Мерекені 1983 жылы ЮНЕСКО жанындағы Ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі Халықаралық кеңес Ассамблеясы белгілеген.

Оның басты мақсаты – тарихи ескерткіштерді сақтау және мәдени мұраны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару. Ескерткіштер – ел тарихы, адамзат өркениетінің құрамдас бөлігі. Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитованың айтуынша халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні аясында аталмыш басқарманың бастамасымен өңірде онкүндіктен тұратын ауқымды іс-шаралар өтетін болады. Бұл – Ақмола облысының тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен киелі нысандарында «Бабалар ескерткіштері – ұрпаққа аманат» экологиялық акциясы, Біржан сал Қожағұлұлының 190 жылдығын атап өту жоспары да құрылып, іс-шаралар бекітілді, Сағадат Нұрмағамбетов пен Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдықтарына арналған «Қазақ халқының қаһармандары» атты жалпыұлттық диктант, Әлкей Марғұланның 120 жылдығына арналған «Қазақ археологиясының атасы – Әлкей Марғұлан» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы, дөңгелек үстел, тарих сабақтары, кездесу кештері және тағы басқалары осы онкүндіктің басты шаралары.

Биыл Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толады. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов пен Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың есімдері биыл кеңінен ұлықталмақ. Ағымдағы жылдың мамыр айында  Ақкөл қаласында батырдың құрметіне сквер ашылып, оның төріне биіктігі шамамен 6 метр болатын қола ескерткіш орнатылады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырмасы бойынша түсірілген «Әскери ант» телехикаясы 7 мамырдан бастап көрерменге жол тартады. Сонымен қатар, С.Нұрмағамбетовтың үш кітабы қайта басылып шығады, – деді өз сөзінде Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры Жасұлан Үкеев.

Бүгінгі таңда облысымызда 1734 тарихи-мәдени ескерткіш мемлекет қорғауына алынған, оның ішінде 5 республикалық маңызы және жергілікті маңызы бар 1034 ескерткіш, сондай-ақ, 47 киелі нысан есепте тұр.

Салтанат  ҚАЛҚАМАНҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар