Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тасқын судан зардап шеккендердің шығыны барынша өтелуі тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Тасқын судан зардап шеккендердің шығыны барынша өтелуі тиіс

Ақмола облысындағы тасқын судан зардап шеккен азаматтардың шығынын бағалау және залалды өтеу жөніндегі комиссия ағымдағы жылдың 2-5 сәуірі аралығында 92 өтініш қабылдап, оның 58-ін бағалау жұмысын жүргізуге жолдады.

Бұл туралы Ақмола облысындағы материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссияның жұмысына арналған өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте белгілі болды. Брифингтеоблыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин мен Көкшетау қаласы әкімінің әлеуметтік салалар жөніндегі орынбасары Даниярбек Нұрсейітов өңірде орын алған төтенше жағдайдың салдары мен оның шығындарын өтеу жайында мағлұмат беріп, БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Облыс аумағында су тасқыны наурыз айының үшінші онкүндігінде басталғаны белгілі. Алмас Аянұлының мәлімдеуінше, төтенше жағдай орын алғалы өңірде 40 жеке тұрғын үй, 2 уақытша тұрғын жай, 67 жеке және 18 көпқабатты тұрғын үй аулаларын тасқын су басқан. Кейбір аудандық маңызы бар жолдарды су басу салдарынан 11 елдімекенге автокөліктердіңқатынауы мүмкін болмай, ауылдарға қажетті азық-түлік, медициналық дәрі-дәрмектер арнайы техникалардың көмегімен жеткізілуде.

–Есіл және Нұра өзендерінің бойында 19 елдімекен орналасқан. Қосшы қаласы, Целиноград, Қорғалжын, Аршалы аудандары бойынша бұл қауіпті аймақта бір мыңға жуық үй бар. Қазіргі уақытта елдімекендердегі қауіпті мейлінше азайту бойынша қолдан келген жұмыстар жасалуда, –дей келе, Алмас Алин облыста су басу қаупін азайту мақсатында жүргізіліп жатқан бірқатар жұмыстарға тоқталды. Қызыл судың алдын алу шараларына облыстың барлық күш құрылымдарынан 2,5 мыңнан астам адам, 1 мыңнан аса техника жұмылдырылыпты.

–Бүгінде «Достық үйі» ғимаратында «Жомарт жан» қайырымдылық орталығы іске қосылып, осы уақытқа дейін үйлерін су басқан 111 отбасына көмек көрсетілді, сондай-ақ, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жапа шеккен тұрғындарға 15,5 миллион теңге сомасында материалдықжәрдем берді. Сол секілді «Жүректен –жүрекке» акциясы аясында көпбалалы 20 отбасына азық-түлік, төсек орын жабдықтары, киім-кешектер мен тұрмыстық қажетті заттар табыс етілді. Енді қазіргі уақытта материалдық залалдарды бағалап, шығындарды өтеу мақсатындағы комиссия өз жұмысын бастады, –деді басқарма басшысы.

Төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеу тиісті бұйрыққа сәйкес азаматтардың өтініші бойынша бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

–Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде менің қатысуыммен су басқан аумақтардың тұрғындарымен кездесіп, зардап шеккен үйлерге қандай көмек керегін сұрап, халыққа материалдық өтемақы төлеу тәртібін түсіндірдік. Оны  өтеу қағидалары шеңберінде Шалқар 9А мекенжайында орналасқан Көкшетау қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі 2сәуірден бастап зардап шеккендерден өтініштер қабылдауда. Азаматтарға жедел қызмет көрсету үшін бөлімде құжаттарды қабылдаудың 5 терезесііске қосылған, толық түсініктеме беру үшін консультанттар жұмыс істеуде. Қолданыстағы заңнамалар шеңберінде тұрғындардың материалдық залалын бағалау және өтеужөнінде арнайы комиссия құрылды. Комиссия құрамына мемлекеттік мекеме басшылары, Көкшетау қалалық мәслихатының төрағасы мен мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес төрағасы, «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігі,  Кәсіпкерлер палатасының өкілдері кірді, –деді қала әкімінің орынбасары.

Ағымдағы жылдың 2-5 сәуірі аралығында бағалау және залалды өтеу жөніндегі комиссия 92 өтініш қабылдап, оның 58-і бағалауды жүргізуге жіберілген, қалғандарын комиссия әліқарауда.

Комиссия залалды бағалауды10 жұмыс күні ішінде жүргізіп, зардап шеккендерге төлем жасау туралы шешімді 3 жұмыс күні ішінде қабылдауы тиіс. Зардап шеккен тұлға өтінішпен қоса, қалпына келтіретін мүлік тізімдемесін ұсынады. Бұл ретте, бағалаушыны зардап шеккен азаматтың өзі таңдауға құқылы. Бағалаушының жұмысын, яғни, құнын мемлекет төлейді.

Баяндамашылардың мәліметінен соң, журналистер тарапынан «төтенше жағдайлар жарияланған кезде халықтың зиян келген мүлкі мен шығындары 100 пайыз өтеледі делінді, сол шығындар қаншалықты өтеледі, оған қаржы қандай бюджет көздерінен алынады? Қылшақты өзенінің жағасындағы үйлер сырылып, орнына басқа жерден тұрғын үйлер тұрғызылады ма? Бірінші, екінші жыл қатарынан су алып отырған жағдай емес, ондаған жылдар бойы су алатын қауіпті аймаққа котедж секілді нысандарды салуға кім рұқсат еткен? Баспанасы жарамсыз болып, пәтер жалдап жүргендердің шығынын кім өтейді?  деген тәрізді көптеген сауалдар қойылды.

–Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккендердің залалын өтеуге арналған Үкіметтің 2014 жылғыҚаулысы бар. Соның негізінде зардап шеккендерге ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін комиссия шешіміне орай шығындар өтеледі. Төлем 30 күн ішінде жасалады. Бағалаушы есептеп берген баға бойынша төлейміз. Бағалаушының қызметін мемлекет өтейді. Егер төтенше жағдайдан кейін тұрғындардың баспанасы жарамсыз болып, пәтер жалдап отырған болса, тиісті заңнамалық актілер негізінде50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бірыңғай жәрдемақы төленеді. Ал, егер су кірген үйді жалдап тұрған азаматтардың заттарына залал келетін болса, онда үй иесі мен пәтер жалдаушының арасында келісім-шарт болған жағдайда шығындары өтеледі, –деді қала әкімінің орынбасары Даниярбек Қалиұлы.

Брифинг барысында баяндамашылар тұрғындардың шығыны 100 пайыз өтелетіндігін, не өтелмейтіндігін түсіндіріп бере алмады. Жоғарыда аталған қаулы негізінде ең төменгі қажеттіліктер шеңберінде залал қалпына келтіріледі, не болмаса төленеді деген жауаптармен шектелді. Мәселен, бір отбасында 5 диван болса, онда екі адам ғана тұрса, сол екі адамға қажетті екі диванның құны ғана өтелетін көрінеді. Сән-салтанаттық бағалы, құнды заттар өтелмейді, тек сақтандыру құжаттары болса ғана сол сақтандыру компанияларымен байланысқа шығады. Оған қоса, қала бюджетінен нақты қанша қаржы қарастырылып отырғаны да белгісіз. Осы орайда, БАҚ өкілдері қала әкімінің зардап шеккен халықтың алдына шығып, журналистермен кездесіп, залалдарды өтеу мәселесін толық түсіндіріп, тұрғындардың шығыны қаншалықты өтелетініне жауап беруін өтінді.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар