Аршалы халқы бірігіп, су тасқынына қарсы іс-шараларды атқарып жатыр.
Бүгінгі таңда Жібек жолы кентіндегі су тасқынына қарсы жұмыстарға 300-ден астам адам қатысуда, Мемлекеттік күзет қызметі Президент полкінің, Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ Ақмола облысы және Қарағанды облысы ТЖД, 52859 ӘБ және Астана қ. Ұлттық ұланының 200-ге жуық күштері мен құралдары қатысуда.
Сондай-ақ, бизнес өкілдері жиналып жергілікті тұрғындарға көмектесуде, олар көмекке келген сарбаздарға ыстық шай ұйымдастырып тамақтандыруда.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, тек бірлескен күш-жігермен ғана 6-шағын ауданды судан қорғап қалуға болады. Қазіргі уақытта шағын ауданды су басудың алдын алу үшін бұрын салынған жер үйінділерін нығайту жұмыстары жүргізілуде.
Су тасқынына қарсы жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ Ақмола облысы ТЖД тұрақты бақылауында.
Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі
Дереккөз: www.gov.kz