Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Астраханда 160 адам эвакуацияланды - АРҚА АЖАРЫ

Астраханда 160 адам эвакуацияланды

Астрахан ауданындағы су тасқыны бойынша жағдай тұрақты. Мұнда соңғы үш күнде Колутон өзені арнасынан асып, судың деңгейі  7 метрге дейін көтерілген. Салдарынан су бірнеше шақырымға жетіп,  ауылға баратын жолды шайып кеткен. Ауылға тек қайықпен ғана жетуге болады.

Аудан әкімі Талғат Ерсейітовтің айтуынша, Колутон ауылының екі көшесін қызыл су басып, 160 адам эвакуацияланған. Қазір су құрсауынан құтқарылған тұрғындар аудан аумағында агротехникалық колледжінің жатақханасына орналастырылған.

Ескі Колутон ауылынан бөлек, Жаңа Тұрмыс, Ягодный, Зеленый, Астраханка ауылдары мен Колутон стансасына да қарғын су жеткен. . Ауданда тасқынына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды.

–Бүгінгі таңда су деңгейі 20 см төмендеді. Ескі Колутон ауылы Колутон, Аршалы, Борсақ өзендерінің түйісетін тұста орналасқан. Су  үш жақтан келетіндіктен, жыл сайын бұл ауылға су басу қаупі төнеді, – дейді аудан басшысы.

Жергішікті тұрғындардың алдын алу шараларының арқасында төрт түлік малға қауіп төнбеген. Олар малдарын су жетпейтін биік жерлерге жеткізген. Қарғын сумен ауыл тұрғындары мен волонтерлерді қоса алғанда, 100-ден астам адам күресуде. Сондай-ақ, қауіпсіздік шараларына 15 полиция қызметкері жұмылдырылыпты.

Электр баратын бағандар құлағандықтан, кейбір ауылдарда ауыз су мәселесі туындауда. «Оны да шешуге жоспарларымыз бар» дейді жергілікті атқарушы органдарының өкілдері.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар