Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Атбасардағы су тасқыны – фоторепортаж - АРҚА АЖАРЫ

Атбасардағы су тасқыны – фоторепортаж

– Ақмола облысы Атбасар ауданында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланса да, тұрғындардың әбігерге түскені байқалмайды. Эвакуациялық пункттер де бос тұр. Себебі, жергілікті әкімдік жұртшылыққа су тасқыны қаупі бар екенін алдын ала ескерткен. Қарғын судың беті көріне бастағанда құжаттарын жинастырып қойған атбасарлықтар үйлерін тастап шыққан. Тіпті, кейбіреуі су тасқынын күтпей күні бұрын туыстарының үйлеріне уақытша қоныс аударған. Агенттік тілшілері аталған өңірге арнайы барып, жағдайды өз көзімен көріп қайтты.

Атбасар қаласы Астана қаласынан 230 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан. Атбасар ауданының орталығы – Атбасар қаласы. Бұған «қала ма, аудан ба» деп шатастыратындар үшін тоқталып отырмыз. Елді мекеннің кіреберісінде Жабай өзені ағып жатыр екен. Бар қауіптің бастауы да – осы өзен.

жабай
Фото: Kazinform/Солтан Жексенбеков

Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжановтың айтуынша, Жабай өзені деңгейінің көтерілуіне бірнеше себеп бар.

жабай
Фото: Kazinform/Солтан Жексенбеков

«Жабай өзеніне екі өзен келіп құяды. Тоғысатын жері – осы Атбасардың тұсы. Оған қардың суын қосыңыз. Салдарынан су қоры молайып қарқын ала бастайды. Екіншіден, былтыр күзде жауын-шашын молынан түсіп, жердің беті 1,5 метрге дейін қатып қалды. Яғни, судың топыраққа сіңу процесіне кері әсер етті», – деді аудан басшысы.

Мұндай факторларды сүзгіден өткізген жергілікті әкімдік су тасқыны болатынын білген. Сәйкесінше, ерте қамданып, тұрғындардың барлығын құлақтандырған.

«10 сәуірде таңғы сағат 4:30-да қаланың шетінде саздан тұрғызылған 6 метрлік дамбының 6 жерінен су өтіп кетті. Себебі, өзен деңгейі 6.10 метрден асты», – деді А. Қалжанов.

Көпірдің арғы бетіндегі саяжайлар толығымен су астында қалған. Тек шатырлары ғана қылтиып көрінеді.

су басқан ауыл
Фото: Kazinform/Солтан Жексенбеков
су басқан саяжай
Фото: Kazinform/Солтан Жексенбеков
су басқан саяжай
Фото: Kazinform/Солтан Жексенбеков

Облыстық төтенше жағдайлар департаментің баспасөз қызметінің мәліметінше, су тасқынына қарсы жұмыстарға Ақмола, Жамбыл облыстарының ТЖД құтқарушылары, М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері және еріктілерден құралған барлығы 133 адам, 38 техника және 10 мотопомпа жұмылдырылған. Тұрғындар эвакуциялық пункттерге орналастырылған.

су басты
Фото: Ақмола облысы ТЖД
құтқарушылар
Фото: Ақмола облысы ТЖД
су басқан ауыл
Фото: Ақмола облысы ТЖД

Аудан әкімі жыл сайын су тасқыны қаупі болатындықтан кешенді жұмыстар жалғасып жатқанын алға тартып отыр.

«2019 жылдан бастап Жабай өзенінің түбін тазалау жұмыстары жалғасуда. Бұдан бөлек, өзеннің шеттерін реттеуді қолға алған едік. Бұл жобаның құны шамамен 20 млрд теңгеге тең. Өкінішке қарай, мемлекеттік сараптама соңғы төрт жыл бойы әлі бір шешімін таппай келеді. Біз қол қусырып отырмай, жыл сайын саз бөгетті өз қолымызбен нығайтып келеміз», – дейді аудан басшысы.

су тасқыны
Фото: Kazinform/Солтан Жексенбеков

Аудан әкімдігі ғимаратына кіре бергенімізде кезек күткен адамдарды көзіміз түсті. Сөйтсек, үйлерін су басқан тұрғындар арнайы комиссияға құжаттарын тіркеп жатыр екен.

Атбасар ауылын 63 жыл қоныс еткен Наталья Белозерцованың айтуынша, жыл сайын судың деңгейі үйдің іргетасына дейін жетеді. Десе де, 2014, 2017 жылдары және биыл су үйдің ішіне дейін кірген.

хқо
Фото: Kazinform/Солтан Жексенбеков

«Бұған дейін үйімізді су басқанда әкімдік тарапынан тиісті қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Биыл да сондай көмектен үміттіміз. Бала кезден қоныс тепкен қара шаңырақты тастап кеткіміз келмейді. Бау-бақшамыз бар. Балалар да басқа үйге қоныс аударғысы жоқ», – дейді зейнеткер.

Белгілі болғандай, 2017 жылы су астында қалған үйлердің тұрғындарын көшіру мақсатында 5 қабатты үйдің құрылысы басталған. Бүгінде көпшілігі сонда тұрып жатыр. Көшуге ниет танытпаған 87 үй иелері биыл тағы су астында қалып отыр.

Олжас есімді тұрғын да жаңа көпқабатты тұрғын үйге көшкісі келмейді.

су басқан ауыл
Фото: Kazinform/Солтан Жексенбеков

«Есептеуімше, жаңа үйден бір бөлмелі пәтер беріледі. Жұбайым, үш балам бар. Сондықтан бізге тарлық етеді. Жер үйді сатып қауіпсіз баспана алайын десең, бәрі ақшаға кеп тіреледі. Сатамын деп қоямын, бұл үйді кім алады? Жаман болса да өмір сүруге ыңғайлы. Бақшам бар. Қыс бойы көкөніс сатып алмаймыз. Әкімдік бөгеттер салып, үйімізді енді су баспайды деген сенімдеміз», – дейді ол.

су тасқыны
Фото: Kazinform/Солтан Жексенбеков

Бір аңғарғанымыз, тұрғындар да үрей жоқ. Бұған дейін екі жойқын су тасқынының бастан өткізгендіктен бе екен, «еттері үйреніп» кеткен сияқты. Десе де, жұртшылықтың сабырлығымен мәселе шешілмейді. Атбасарлықтардың құзырлы органдар бөгет салу ісін мықтап қолға алса екен деген жалғыз тілегі бар.

су басқан ауыл
Фото: Kazinform/Солтан Жексенбеков

Дереккөз: kaz.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар