Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Атбасардағы су тасқыны жағдайы тұрақтануда - АРҚА АЖАРЫ

Атбасардағы су тасқыны жағдайы тұрақтануда

Су тасқынынан зардап шеккен Ақмола облысының Атбасар ауданында төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстары белсенді түрде жалғасуда.

Жабай өзеніндегі су деңгейі 5,5-тен 5 метрге дейін төмендеді, бұл жағдайдың біртіндеп жақсарғанын көрсетеді.

Жергілікті әкімдіктің ақпараты бойынша, Атбасар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары су тасқыны кезінде халыққа берілетін ауыз судың сапасын бақылау мақсатында қала көшелеріндегі сумен жабдықтау жүйелерінен су сынамаларын алды. Атбасар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары алдын ала куәландырғандай, суды пайдаланудан қорқудың қажеті жоқ және сараптама нәтижелері жақын арада жарияланатын болады.

Сонымен қатар, Атбасар қаласының бүлінген көше жолдарын қалпына келтіру, сондай-ақ су басқан аулалардан су айдау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, зардап шеккен тұрғындар су тасқынынан туындаған шығындарын өтеу үшін  өтемақы алуға  өтініштерін беруді  жалғастыруда.

Айта кетсек, ағымдағы жылдың 11 сәуірінде Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов жергілікті ауқымдағы ТЖ жариялады. 12 сәуірде ауданда ТЖ салдарынан келтірілген  материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия құрылды.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар