Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
ТЖ жою және залалды бағалау жөніндегі комиссия атбасарлықтардан өтініштер қабылдайды - АРҚА АЖАРЫ

ТЖ жою және залалды бағалау жөніндегі комиссия атбасарлықтардан өтініштер қабылдайды

11 сәуірде ТЖ режимі жарияланған Атбасар ауданында су тасқыны салдарымен күрес жалғасуда.

Су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді, ал оның басты міндеті — әр қоңырауға жедел жауап беру және отрядтарды сол жерде көмек көрсету үшін  бағыттау.

Жергілікті билік органдарының ақпараты бойынша 12 сәуірде аудан әкімі ТЖ жою және залалды бағалау жөніндегі комиссия құрды. Комиссияның жұмысы табиғи апаттан кейін жедел қалпына келтіруге, азаматтарға қажетті көмек көрсетуге және  келтірілген шығындар үшін өтемақы беруге бағытталған. Осы уақытқа дейін 78 өтініш қабылданды.

Өз кезегінде тұрғындар қолданылып жатқан шараларға байланысты өз пікірлерін білдіруде. Атбасардың зардап шеккен көшелерінің бірінде тұратын қала тұрғыны Екатерина Матрос атап өткендей, жергілікті билік ТЖ салдарын жою үшін барлық қажетті шараларды қолдануда және зардап шеккендерге жедел көмек көрсету жұмыстарын жүргізуде.

Бүгін таңертең Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов мемлекеттік мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларымен жедел кеңес өткізді, онда атаулы көмек төлеу үшін нақты тізім жедел қалыптастырылуы тиіс екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, су тасқыны кезінде Атбасарда 19 көшені су басқан, 100-ден астам адам эвакуацияланған.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар