Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қаржылық сауатсыздықтан алаяқтардың арбауына түсуде - АРҚА АЖАРЫ

Қаржылық сауатсыздықтан алаяқтардың арбауына түсуде

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысы бойынша    экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы Айбар Мұқашев департаменттің негізгі қызметі бойынша  брифинг өткізді.

Жыл басынан бері департаменттің өндірісіне 27 іс келіп түскен. Соның 12-сі қаралу үстінде. Кейбір экономикалық қылмыстың жолы кесіліп, мемлекетке 500 миллион теңгеге жуық қаржы қайтарылды.

Экономикалық тергеп-тексеру қызметі қаржылық және экономикалық құқық бұзушылықтарды анықтау, тергеу және алдын алумен айналысады.  Яғни, қаржы жымқыруға, алдап пайда табуға бөгет жасау мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Мысалы, былтыр «Е ұлыс» қаржылық пирамидасының басшысына қатысты қылмыстық іс аяқталды. Айыптау үкімі шығарылып, екі адам сотталды. Брифинг барысында басқарма басшысы департаменттегі жағдайды толығырақ   айтып өтті.

–Біздегі істің 15-і аяқталып, 11-і сотқа жіберілді. Ал, 4 іс қалпына келтіруге жатпайтын негіз бойынша қылмыстық істің шешімі қабылданып, мемлекетке 500 миллион теңгеге жуық қаржы қайтарылды. Қылмыстық істерді анықтау мен оны тергеуден бөлек біз құқық бұзушылықтың жолын кесу мақсатында да алдын алу жұмыстарын  жүргіземіз, – деді өз сөзінде Айбар Мұқашев.

Бүгінгі таңда облыста «Қарызсыз қоғам» жобасы жүзеге асырылуда. Аталмыш жоба ең алдымен тұрғындардың қаржылық және құқықтық сауаттылығын жүйелі түрде арттыруға бағытталған. Бұл бастама аясында департамент қызметкерлері мен өзге де ведомствоның өкілдері құқықтық және қаржылық сауаттылық тақырыбына түрлі дәріс өткізеді.

Алайда, тұрғындардың қаржылық сауатсыздығынан алаяқтықтың түр-түрі көбейіп отырғаны алаңдатады. Себебі, бұл бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Баяндамашының айтуынша, алаяқтар азаматтардың сауатсыздығын сезінген соң сенімге кіріп, айланың жаңа түрін ойлап табуға машықтанған. Осылайша қылмыстық жүйе құрып, сол құрыққа өзге адамдарды іліктіреді.

–Сондықтан, осының ізін кесу үшін мемлекеттік қызметкерлер мен студенттер арасында түрлі дәріс өткізіліп отыр, – дей келе, баяндамашы  азаматтарды экономикалық қылмысқа бармауды және  түрлі алаяқтардан сақ болуға  шақырды.

Брифинг соңында Айбар Мұқашев  экономикалық  және қаржылық құқық бұзушылықпен күреске бағытталған «Байка Пирамида» және «АФМ – инсайдер» телеграм-боттар дайындалып, іске қосылғанын және оларға тұрғындар өз сауалдарын жолдай алатынын айтып өтті.

Жалпы, экономикалық қылмыстар еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне аса қауіпті қатер болып табылады және азаматтардың әл-ауқатының төмендеуіне ықпал етеді. Елдегі тұрақтылыққа да үлкен нұқсан келтіріледі. Қылмыстың бұл түрімен күрес ең маңыздылардың бірі болып табылады, өйткені, ол жалпы алғанда мемлекетті іштей әлсіретеді. Демек, мұндай қылмыстарды барынша азайту үшін тұрғындармен белсенді араласып, олардың қаржылық және экономикалық сауаттылықтарын арттыру қажет. Сондай-ақ, мұндай заңсыз әрекеттерді болдырмау мақсатында заң алдындағы жауапкершілікті үнемі еске салған жөн.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
                           «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар