Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау басталды - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау басталды

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Президенті    жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2024-2025 оқу жылына оқуға қабылдау науқаны басталды. Құжаттарды қабылдау онлайн форматта академияның арнайы ақпараттық жүйесі арқылы 1 сәуірден 26 маусымға дейін жалғасады.

–Академияда мемлекеттік қызметшілерді даярлау 8 магистратура және 3 докторантура бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші емес тұлғаларға негізгі жұмысымен қатар, оқуға болатын 2 модульдік бағдарлама қарастырылған. Мемлекеттік қызметшілерді даярлауға магистратура бойынша 120 грант, докторантура бойынша 12 грант бөлінген. Магистрлік білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыспен оқуға түсу үшін мемлекеттік қызметте кемінде 2 жыл, ал, докторлық бағдарламалар үшін 5 жыл еңбек өтілі болуы қажет. Грантқа тапсырушылар мемлекеттік органның жолдамасын ұсынуы қажет. Оған мемлекеттік орган басшысы немесе аппарат басшысы қол қоюы тиіс. Шетелдік азаматтарды есептемегенде, барлық білім беру бағдарламаларына оқуға түсушілердің мемлекеттік тілді меңгеруі В1 деңгейінен төмен емес екенін растайтын QAZAQ RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ сертификаты болуы керек, – деді брифингте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Ержан Жаров.

Іріктеудің алғашқы кезеңі – аналитикалық эссе жазу. Ол 29 маусымда өтеді. Докторантураға үміткерлер зерттеу жұмысының жоспарын (Research proposal) 26 маусымға дейін жүктеуі керек, жоспарлар 7 шілдеге дейін бағаланады. Қорытынды кезең – сұхбат 1-20 шілде аралығында академия қабырғасында офлайн форматта өтетін болады.

22 шілде күні аралық қорытынды шығарылып, алдын ала қабылданғандардың тізімі жарияланады, ал, 5 тамызда келісім-шарттарға қол қойылғаннан кейін оқуға қабылдау туралы бұйрық шығарылады. Толық ақпаратты академияның сайтынан және үміткерлерге кеңес беретін қабылдау комиссиясынан алуға болады.

Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының»  өз  тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар