Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов «AMANAT» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады.
Қабылдау Көкшетау қалалық мәслихатының төрағасы Дастан Әкімов пен уәкілетті мемлекеттік органдардың басшыларымен және өкілдерімен бірлесіп жүргізілгендіктен, қала тұрғындарының барлық дерлік өтініштері бойынша нақты түсініктемелер беріп, шешу жолдары қаралды.
Мысалы, көру проблемалары бар және жұмыссыз ретінде есепте тұрған Гүлзия Тәтембаеваға абаттандырумен айналысатын қалалық кәсіпорындардың біріне жұмысқа орналасу ұсынылды. Өтініш берушімен бұл мәселені әрі қарай әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанындағы еңбек мобильдігі орталығы пысықтайтын болады.
Құралай Байбекова тоғыз қабатты үйдің шатырының ағып кетуіне байланысты жүгінді. Мәселені талқылағаннан кейін қалалық мәслихат осы үйге қызмет көрсететін «Алтын» ПИК және тұрғын үй инспекциясы бөліміне депутаттық сауалдар жіберетін болды.
Зейнеткер Өміртай Жүсіповтің Қошқарбаев көшесін абаттандыру жөніндегі өтінішін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бақылауға алды.
Жанна Бапиева Саин көшесіндегі жатақханада тұру құқығын қалдыруды сұрады. Өтініш тұрғын үй инспекциясы бөліміне жіберілді, ал, шағымданушыға мемлекеттік қордан тұрғын үйге мұқтаждардың кезегіне тұруға кеңес берілді.
Кенжебек Қажықеновтың Айдарлы ауылындағы пай үлестері туралы даулы мәселені түсіндіру үшін бейнебайланыс режиміне Зеренді ауданы әкімінің орынбасары А.Ахмедьянов қосылды, ол облыстық мәслихат төрағасының тапсырмасы бойынша Қажыкеновты осы сенбіге аудан әкімдігіне шақырды.
Қабылдауда көтерілген барлық бес өтініштің орындалуын облыстық мәслихат төрағасы өз бақылауына алынатынын ескертті.
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.