Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметті атқаруы қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Сонымен қатар, Әдеп кодексінің нормаларына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, өз іс-әрекеттері мен мінез-құлықтары арқылы қоғам тарапынан сын тудырмауы тиіс.
Әдеп кодексін бұзуға жол бермеу үшін мемлекеттік қызметші барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті. Атап айтқанда, еңбек және орындаушылық тәртіпті бұзбау, құқық тәртібі мен жол қозғалысы ережелерін бұзбау, жеке және кәсіби қасиеттерін, сондай-ақ, әріптестері мен келушілерінің сыртқы келбетін талқыламау, дауысын көтермеу, кіммен болса да жанжалдарды болдырмау, қоғамдық орындарда белгіленген тәртіп нормаларын сақтауы керек.
Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаменті департаменттің және аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері арасында этикалық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында уәкілетті органдар өкілдерінің қатысуымен семинарлар, дәрістер, ZOOM-кеңестер, дөңгелек үстелдер, қызметтік әдеп нормаларының сақталуына мониторинг және бақылау жүргізеді.
Сондай-ақ, тұрақты негізде мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі аккаунттарына қоғам тарапынан сын тудыратын айыптаушы фотосуреттерді, бейнелерді және басқа да материалдарды орналастыру тұрғысынан талдау жүргізіледі. Ал, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын сақтауын қадағалау мақсатында жасырын сауалнама жүргізілуде. Бұл өз кезегінде жағдайды бағалауға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың алдын алуға бағытталған шараларды әзірлеуге, қызметтік әдепті сақтауда мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Шынында да, ең жақсы тиімділік үшін құқық бұзушылықтардың, оның ішінде қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шаралар, ең алдымен, мемлекеттік органның өзінде қабылдануы тиіс. Ұжымдағы қолайлы моральдық-психологиялық ахуал, әріптестер арасындағы достық қарым-қатынас әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмысына оң әсер етеді, нәтижесінде мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастардың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын қатаң сақтауы жалпы, халықтың мемлекеттік аппаратқа деген сенімін арттырады. Ол үшін мемлекеттік қызметшілер өздерінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өздері жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсауы, өз Отаны – Қазақстан Республикасына бейтарап және адал қызмет етуі тиіс.
Еркін Жахин,
Ақмола облыстық қазынашылық департаменті
басшысының орынбасары.