Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл көктем мерекесі көп ұлтты халқымыздың тамаша дәстүріне, татулық пен келісімнің символына айналды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің басты мұратымыз – Әділетті Қазақстанды құру. Бірлік пен ынтымақ әрқашан біздің басты құндылығымыз және барлық мемлекеттік саясаттың тұрақты бағдары болған және болып қала бермек» деп атап көрсеткені белгілі.

Бүгінгі таңда еліміз жойқын су тасқынынан кейін қалыпты өмірге оралған кезде бұл сөздерөте маңызды.

Өңірде адамдардың өмірін сақтап қалу, 95 елді мекендегі 8 мың тұрғын үйді су басып қалуына жол бермеу мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылды. Бірнеше апта бойы құтқарушылар, полицейлер, әскерилер, еріктілер және басқа да көптеген адамдар күндіз-түні, қиын жағдайда, жерлестерімізге көмектесу үшін жанқиярлықпен еңбек етті. Зардап шеккен аймақтарға 100 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтілді.

Осының барлығы облыстың әрбір тұрғынының тарапынан байқалған бірлігіміз бен ынтымағымыздың, жанашырлығымыз бен өзара көмегіміздің тамаша үлгісі. Бұл мәңгілік құндылықтар біздің болашаққа деген сеніміміздің негізі болып табылады.

Құрметті жерлестер!

Біз ортақ күш-жігермен кез-келген қиындықты жеңе алатынымызды бірнеше рет дәлелдедік. Бұдан былай да осы бірлігіміз нығая берсін, қиыншылықтар біздің үйлерімізді айналып өтіп, алда қуанышты, жарқын күндер көп болсын. Осынау мереке күні әрбір отбасына зор денсаулық, амандық пен бақыт, біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасына көркейіп, гүлдене беруін тілеймін.

***

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

 Өңірдің депутаттық корпусы атынан Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Бұл мереке халқымыз ежелден ардақтаған достық пен бірліктің, өзара құрмет пен сенімнің құндылықтарын білдіреді.

Қазақстанның барлық этностарының сан қырлы мәдениеті мен дәстүрлері баға жетпес байлығымызға айналып, ынтымақтастық, бірлік, патриотизм біздің әл-ауқатымыздың негізі болып отыр.

Биылғы жылы елімізге келген қиындықтар біздің күшіміз  бірлікте екенін тағы да растады. Табиғи апаттың алдында бірігіп, біз соңғы су тасқынының салдарын бірге жоюдамыз.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз соңғы жылдары аса күрделі сынақтардың тағы бір тарихи кезеңін бастан өткеріп жатқанын айтып, бірлік пен ынтымақтың арқасында бұл қиындықтың бәрін жеңетінімізге, шынығып, ширап, бұрынғыдан да мықты болып шығатынымызға сенім білдірді.

Осы ауыр жағдайдан тыс қалмай, зардап шеккен отбасыларға қолдау көрсеткен Ақмола облысыныңбарлық тұрғындарына ерекше алғыс білдіргім келеді. Қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің, өзара қолдау мен жасампаз еңбектің арқасында біз барлық қиындықтарды еңсеріп, алға қойған мақсаттарға қол жеткізетінімізге сенімдімін.

Қымбатты ақмолалықтар, осы мереке күні сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, амандық-саулық  тілеймін! Әр үйде, әр отбасында үйлесімділік пен өзара түсіністік ахуалыорын алсын!

 Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар