Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еселі еңбегі алғыспен алқаланды - АРҚА АЖАРЫ

Еселі еңбегі алғыспен алқаланды

Ақмола облыстық мәслихаты экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Марат Қойшыбаев Ақмола облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты Анатолий Иванович Томиловты 75 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов пен бүкіл депутаттық корпустың атынан мерейтой иесіне Алғыс хатын тапсыра келе, Марат Советұлы Степногорск қаласы мен бүкіл Ақмола облысының игілігі үшін көп жылдар бойғы жемісті еңбегі және өкілді билік органдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін ризашылығын білдірді.

А.И.Томилов техник-монтажшы мамандығы бойынша Челябинск монтаж техникумын бітіріп, әскерде қызмет еткеннен кейін Қорған машина жасау институтында оқып, осы қалада аспап жасау зауытының аға инженері лауазымында жұмыс істеді. 1977 жылдан бастап Степногорск қаласына көшіп келіп, №16 тау-кен өңдеу зауытында тәжірибелік қызметін жалғастырды. Жұмысын өндіріс шебері ретінде бастап, Степногорск подшипник зауытының бас директорына дейін өсті. Жабдықтарды салуға, монтаждауға, құрал-саймандар, автоматты тегістеу желілері, соғу-штамптау цехтарын іске қосуға және өндірісті ұйымдастыруға тікелей ат салысты.

Қазіргі уақытта кәсіпорын өнімдері тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, көптеген ТМД елдерінде және алыс шетелдерде де сұранысқа ие. Кәсіпорын әр жылдары өндірістік жоғары көрсеткіштері үшін ҚР Президенті мен Үкіметінің «Алтын сапа», «Сала көшбасшысы» сыйлықтарын жеңіп алған.

Зауыт үшін ең қиын кезеңдерде А.И.Томилов кәсіпорынның кадрлық әлеуеті мен материалдық-техникалық базасын сақтап қалды, бұл қазіргі уақытта зауыт ұжымына қойылған міндеттерді ойдағыдай шешуге мүмкіндік беріп отыр.

Анатолий Иванович төрт шақырылымда Ақмола облыстық мәслихатының депутаты болып сайланып, Степногорск қаласы мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Ол «Құрмет» орденінің, салалық наградалардың, «Степногорск қаласының Құрметті азаматы» атағының иегері.

Жақында әріптестері, Қазақстандағы, жақын шетелдегі достары жиналып, Анатолий Ивановичті мерейтойымен құттықтап, құрметті демалысқа шығарып салды.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Суретте: А.И.Томилов (ортада) бір топ әріптестерімен бірге.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар