Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
ІТ лицей – бүгінгі күннің озық мектебі - АРҚА АЖАРЫ

ІТ лицей – бүгінгі күннің озық мектебі

Мемлекетіміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болуы жолында еңбек етудің бірден-бір тетігі – өскелең ұрпаққа сапалы білім беру. Себебі, өркениеттің бастауы білім мен тәрбие екендігі анық. Шәкіртті ілім-ғылымға үйрету мақсатында еңбек етіп білім ұясының бірі Көкшетау қаласының Әл-Фараби атындағы ІТ лицейі.

Аталмыш білім ордасы облыс орталығы Көкшетау қаласының Сарыарқа шағын ауданында орналасқан.  2018 жылы негізі қаланған қазақ мектебінде қазіргі таңда бір ауысымда 37 сынып бар, онда 941 оқушы білім алуда. Лицейде ІТ бағытындағы робототехника, 3Д модельдеу, бағдарламалау сияқты пәндер оқытылады.

ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры екені белгілі. Ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, олардың жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуына ықпал етіп, нәтижесінде өздерінің кәсіби әлеуетінің артуына жол ашады.

Біздің лицей түлектері еліміздің және шетелдік алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында  білім алуда. Өткен жылы түлеп ұшқан 50 түлектің 39-і мемлекеттік грантқа, оның ішінде 2 оқушы Назарбаев университетінің грантына, 1 оқушы шетелдік жоғары оқу орнының грантына ие болды, түлектердің басым көпшілігі техникалық, ІТ бағытындағы мамандықтарды таңдауда.  Биылғы түлектеріміздің ішінде 11 сынып оқушысы Айқын Алина әлемнің 7 мемлекетінің 12 университетінің оқу гранты мен стипендиясына ие болды.

Оқушыларымыз облыстық, республикалық деңгейдегі олимпиадалар мен сайыстардың жүлдегерлері атанып отыр. Лицей мақтанышы – 11 сынып оқушысы Ербатыр Ерниз тарих пәні бойынша облыстық олимпиада жеңімпазы, «Менің кіші Отаным» байқауының жүлдегері, ол да Қ.Сәтпаев университетінің грант иегері атанып отыр. Биылғы оқу жылында облыстық пән олимпиадасында 6 оқушы жүлдегер атанып, 2 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды. СТЕМ бағыты бойынша «JasSkills Aqmola 2023» чемпионатында,  «ҚАЗРОБОСПОРТ- 2023» конкурсында,  облыстық «Robotek Grand Tournament 2023», «Lego mindstorm EV3 РОБОСУМО» халықаралық «WRO-2022 робототехника» олимпиада байқауларында 83 оқушымыз жүлдегер атанды.

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу мақсатында лицейде «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы құрылды. Оқушылар қауымдастығына педагог-ұйымдастырушылар жетекшілік етеді. Туған өлке мен жер атауларын ұлықтау мақсатында әр шаңыраққа «Көкшетау», «Бурабай», «Оқжетпес», «Жұмбақтас», «Жеке батыр», «Зерен», «Тұран», «Сарыарқа» атаулары берілді.

«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы әр аптаның дүйсенбі күні Қазақстан Респбуликасының Әнұранын орындап, сейсенбі күні «ІТ day», сәрсенбі күні «Бір әннің тарихы», бейсенбі күні «Дара тұлға», жұма күні «Reading tim» жобаларын жүйелі жүзеге асырып отыр.  Яғни, оқушы әр күн сайын біліммен ғана қаруланбай, рухани жан дүниесін байытатын тағылымы мол тәлімді іс-шараларға белсенді атсалысып, дүниетанымын кеңейтуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, 2023-2024 оқу жылында біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын жүзеге асыру негізінде   әр әдістеме бірлестігі, пән мұғалімдері оқушылар және олардың ата-аналарымен бірлесіп, «Eco Box», «Q-science»,  «Master Club», «Тарихқа құрмет», «ІQ ДОДА», «Әлеуметтік тәжірибе», «Көңілді үзіліс», «ІQ UP», «Мектеп қабырғасындағы бизнес», «ІТ genius», «Бұрымды қыз», «Мен және спорт»  әлеуметтік тәжірибелер мен жобаларды жоспарлап ұйымдастырады. Ата-аналарды  педагогикалық  қолдау  мақсатында    «Даналық мектебі» жұмыс атқарады.

Шығармашылық, интеллектуалдық, спорттық байқауларда 97 жүлделі орынды иелендік. Лицей халықаралық ынтымақтастыққа жол ашып, Чехияның, Түркияның, Оңтүстік Кореяның университеттерімен келісім жасап, олимпиадалар мен тілдік лагерьлерге белсенді қатысуда. Лицейде жыл қорытындысы бойынша дарынды оқушылар шеруі өткізіліп, «Үздік шаңырақ», «Үздік бастауыш сынып», «ІТ жыл оқушысы» номинациялары беріледі.

Ақпараттық технологияны игеру заман талабына айналғалы елімізде маман тапшылығы сезіліп отырғаны жасырын емес. Оның үстіне мұндай олқылық инвестор тарту, технологиялық ілгерілету жұмысына әсер ететінін аңғарған Үкімет білікті IT маман әзірлеу жұмысын мектептен бастауға көшті. Ерекше атап өтуіміз керек, лицейдің материалдық-техникалық базасы жыл сайын жақсара түсіп, ұстаздардың білім беру ісіндегі соңғы технологияларды қолдануы үнемі қадағаланып отырады.

Мектеп – мемлекеттің берік іргетасын қалайтын негізгі орта. Олай дейтінім, ел тізгінін ұстайтын әрбір азамат ұстаз алдынан өтеді. Жаһанданған заманның адамдары көп уақытын бала тәрбиесіне емес, жұмыста өткізетін біздің қоғамда мектептің де, ұстаздың да рөлі өте маңызды болып отыр. Осы жауапкершілікті ескере отырып, біз  өз шәкірттерімізге сапалы білім беріп, жаңа заманның озық дағдыларымен сусындату жолында еселі еңбек ете береміз.

Әйгерім ҚОШАНОВА,
Көкшетау қаласындағы  Әл-Фараби атындағы ІТ лицейінің директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар