Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастармен сенімді диалог өткізілді - АРҚА АЖАРЫ

Жастармен сенімді диалог өткізілді

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде депутаттардың  студенттермен кездесуі өтті. Жиын мәслихаттардың 30 жылдығына арналды.  Оған Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов, депутаттар Анар Аяпбергенова және Сұлтанбек Бекешев қатысты.

Іс-шараны аша отырып, университет ректоры, облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты Сағынтай Елубаев халық қалаулыларының жастармен кездесуінің маңыздылығын атап өтіп, барша қатысушыларға табыс тіледі.

Мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов халық қалаулыларның  өкілеттіктері туралы және депутаттық корпустың жұмысы, заңнамалық және сегізінші шақырылымдағы мәслихаттың қызметіндегі жаңалықтар туралы айтып берді. Мәселен, өткен жылы облыстық басқармалар мен департаменттердің басшыларын, аудандар мен қалалар әкімдерін бюджетті жоспарлау және атқару, облыстың Даму жоспарын және басқа да стратегиялық бағдарламаларды іске асыру бойынша тыңдау тәжірибесі алғаш рет енгізілгені атап өтілді.

–Бүгін университеттің студенттерімен кездескеніме өте қуаныштымын.  Жалпы, облыстық және аудандық мәслихаттарда  комиссиялар бар. Бүгін бізде барлық депутаттар кіретін төрт комиссия бар. Біріншісі бюджет және экономика жөніндегі комиссия, екіншісі аграрлық комиссия, үшіншісі әлеуметтік мәселелер жөніндегі  комиссия, төртінші экология және этика жөніндегі комиссия. Ал, мәслихаттың жұмысы жөнінде толық айтатын болсам, бұл  өкілді орган екенін де түсіндіргім келеді. Яғни, депутаттар халық пен атқарушы органдар арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.  Депутаттар мәжілісте халықты толғандыратын барлық өзекті мәселелерді көтереді. Ең бастысы, мәслихаттың ашықтығы, қол жетімділігі  болуы қажет. Депутаттар айналысатын негізгі міндеттер өңірдің даму жоспары мен бюджетін  бекіту болып табылады.  Дегенмен, биыл бюджетті бекіту кезінде әр ауданды тыңдау сияқты тәжірибе енгізілді. Бұл бұрын болмаған еді. Менің ойымша, мұндай тәжірибе облыс бюджетін тиімді және үнемді бөлуге көмектеседі , – деді Бейбіт Жүсіпов.

Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары, «Ауыл» партиясының облыстық филиалын басқаратын Анар Аяпбергенова студенттерге сайлаушылардың бірқатар мәселелерін ойдағыдай шешу туралы айтып берді.

Ал, «AMANAT» партиясының «Жастар рухы»  облыстық жастар қанатының төрағасы Сұлтанбек Бекешев жастарға арналған партиялық жобалар туралы айтып, студенттерді белсенді болуға және өзекті мәселелерді шешу бойынша бастамалар көтеруден қорықпауға шақырды. Сондай-ақ жастарды қолдау шаралары туралы да әңгіме болды.

Сенімді диалог барысында депутаттар студенттердің сұрақтарына жауап берді. Осыған байланысты, Бейбіт Айтымұлы облыстық мәслихат жанынан қоғамдық негізде жұмыс істейтін және жастарға саяси жұмыс тәжірибесін жинауға мүмкіндік беретін жастар мәслихатын құру идеясы талқыланып жатқанын хабарлады.

Кездесуді қорытындылай келе, облыстық мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов оқушыларға сәттілік тілеп, олардың арасында мүмкін  болашақ депутаттар да отырғанын атап өтті.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар