Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2024 жылғы 10 мамыр мен 9 маусым аралығында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында «30 күн» бойы көліксіз жүр!» республикалық акциясын өткізеді және оны қолдауды ұсынады.
Бұл акция қоршаған ортаның ластану проблемасына назар аударуға және көліктің баламалы түрлерін пайдалануды ынталандыруға арналған.
Біздің бастамамызды қолдай отырып, сіз біздің еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға өз үлесіңізді қосасыз. Барлығын және әркімді кем дегенде бір күн ішінде көлікті пайдалануды шектеуді өз мысалымен көрсетуге шақырамыз. Бұл күнделікті өмірде қоғамдық көлікті, велосипедтерді, каршерингті, көлік бөлісуді пайдалануды, жаяу жүруді қамтуы мүмкін.
Мұндай әрекеттер ауаның ластану деңгейін төмендетуге пайдасын тигізіп қана қоймай, сонымен қатар, қоршаған ортаны жақсарту бастамасын сіздің қолдауыңыздың нақты көрінісіне айналады.