Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
ҰБТ-ға өтініштер қабылдау мерзімі ұзартылды - АРҚА АЖАРЫ

ҰБТ-ға өтініштер қабылдау мерзімі ұзартылды

Биыл елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) өтініштерді қабылдау 6-14 мамыр аралығында жүзеге асырылды. Тестілеудің өзі 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады.

Дегенмен, көктемгі су тасқынынан төтенше жағдай режимі жарияланған 6 өңірде, яғни, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелу уақыты 6-20 мамыр аралығына ұзартылды, ал, ҰБТ-ның өзі 25 мамыр мен 12 шілде аралығында өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімі бойынша 2024 жылы талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.

­– ҰБТ-ға қатысу үшін Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты немесе UTO қосымшасы арқылы тіркелуге болады. Талапкерлер тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдайды. Бұл ретте, олар екі мүмкіндік үшін бейіндік пәндердің бір ғана комбинациясын белгілейді. Талапкерлердің негізгі ҰБТ-ға дайындығын жақсарту мақсатында осыған дейінәр пән бойынша жеке тақырыптық талдау енгізілді. Яғни, әр ҰБТ-дан кейін (қаңтар, наурыз) түлектерге жеке тақырыптар бойынша білімдерін арттыру ұсынылады. Сонымен қатар, бірінші мүмкіндікті тапсырғаннан кейін олар екінші мүмкіндікке дейін дайындықтарын жақсарта алады. Одан бөлек, онлайн байқау сынақтары іске қосылған. Білім беру орталықтарымен бірлесіп ұйымдастырылғантегін онлайн сабақтар жалғасуда. Ал,оқу жылының басында ҰТО сайтында тест тапсырмалары құрастырылған оқулықтар тізімі мен тест жоспары, «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша 100 тарихи дата тізімі, «Информатика»пәнінен терминдер тізімі, «Қазақ әдебиеті» және «Орыс әдебиеті» бойынша әдеби шығармалар тізімі жарияланды, – деді өз сөзінде Көкшетау қаласындағы ұлттық тестілеу орталығы филиалының жетекшісі Қуаныш Мұхамеджанов.

Тестілеу форматында өзгерістер жоқ. 2024 жылғы талапкерлер үш міндетті және өз таңдауы бойынша екі пәннен тест тапсырады. «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарды. Бұл бейіндік пәндер бойынша сұрақтар санын 40-қа дейін арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар,бейіндік пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылды.

Осылайша, ҰБТ тапсырмалар саны өзгеріссіз қалады, жалпы сұрақ – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалыпты.

Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут). Сонымен қатар,ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша 40 минут уақыт сақталады.

Академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында тест нұсқалары таңбаланғанын атап өткен жөн. Яғни, ҰБТ-ға қатысушылардың әрқайсысының жеке тест нұсқасы болады. Сонымен қатар, калькулятор, химиялық элементтердің кезеңдік жүйесімен тұздардың ерігіштік кестесі компьютер экранында қолжетімді етіледі. Талапкерлердің пікірі мен қалауын ескере отырып, оларға кестелердіңқағаз нұсқасы беріледі.

Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Сертификат аппеляциялық комиссияның  шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Шекті балл өзгерген жоқ: «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары үшін кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» кемінде 60 балл, ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл, басқа жоғары оқу орындарына кемінде 50 балл жинау керек.

Тестілеуге кіргізу кезінде қол және рамалық металл іздегіштер пайдаланылады. Бұл талапкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ережелерді бұзу мен  тыйым салынған заттарды (ұялы телефон, шпаргалка және тағы басқалары)  алып өтудің алдын алу үшін қажет.

Тестілеу барысында аудиторияның және бейнебақылаудың ауданына байланысты рұқсат етілген магниттік толқындар шегінде ұтқыр және радиоэлектрондық байланыс сигналдарын басатын құрылғылар қолданылады.

2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда оқуға  түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Салтанат ДОСЕТОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар