Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мәдениеті кемел, өнерпазы дарынды өнер өлкесіміз - АРҚА АЖАРЫ

Мәдениеті кемел, өнерпазы дарынды өнер өлкесіміз

 Арқа жері ежелден жер шоқтығы, ән ордасы саналған, құт қонып, кие дарыған қасиетті өлке.  Мәдениет пен өнер рухани өміріміздің тірегі дейтін болсақ, халықтың мәдени дамып, рухани жаңғыруы бағытында күш салып келе жатқан өнер иелеріне құрмет қашанда жоғары болары сөзсіз.

Ақмола өңірінде өнердің көкжиегін кеңейтіп жүрген шығармашыл тұлғалар көп. Кешегі сал-серілердің сара да, дара жолын жалғап жүрген өрелі өнерпаздарымызбен біз қашанда мақтанамыз. Ақмола облысында  барлығы 597 мәдениет және мұрағат нысандары жұмыс істейді. Оның ішінде 248-і мемлекеттік клубтық кәсіпорын, оның 228-і ауылдық клуб, 331-і мемлекеттік кітапхана мен 13 мұражай,  2 театр, Үкілі Ыбырай атындағы филармония, тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы мен халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы бар.

2024 жылы мәдениет саласын қаржыландыруға 12,3 миллиард теңге бөлінді, яғни 7,3 миллиард теңге облыстық бюджет есебінен болса, аудандық бюджет есебінен 5,0 миллиард теңге. 2024 жылдың басынан бастап 6 223 180,0 мың теңге сомасына 27 мәдениет нысанын салу және жөндеу жұмыстары жоспарланған, оның ішінде Бурабай ауданының Щучинск қаласында 400 орындық аудандық мәдениет үйінің құрылысына, сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 7 нысан салу мақсаты алға қойылған. Тарқатып айтар болсақ, Астрахан ауданының Новочеркасское ауылында спорттық ғимараты бар мәдениет үйін, Аршалы ауданына қарасты Аршалы ауылында мәдениет үйін, Степногорск қаласының Қарабұлақ ауылында мәдениет үйін, Бұланды ауданының Никольское, Вознесенка ауылдарында мәдениет үйлерін, Ақкөл ауданының Азат ауылында мәдени-спорт кешенін, Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында демалыс орталығын салу көзделіп отыр.  Сонымен қатар, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында мәдениет нысандарын жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында  8 жоба қолға алынды. Осы жоба аясында Шортанды ауданының Жолымбет кентіндегі мәдениет үйіне, Аршалы ауданының Анар станциясындағы Анар ауылдық клубына, Біржан сал ауданының Үлгі кентіндегі ауылдық мәдениет үйінің ғимаратына, Ерейментау ауданының Торғай ауылдық клубының ғимаратына, Жақсы ауданындағы Запорожье ауылының мәдениет үйіне, Есіл ауданындағы Свободное ауылының мәдениет үйіне, Целиноград ауданындағы Жаңаесіл ауылының мәдениет үйіне, Ерейментау ауданына қарасты Есеншілік ауылының мәдениет үйінің ғимараттынакүрделі жөндеужұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Облыстық маңызы бар мәдениет ұйымдарының ғмараттарын  жөндеу мәселесі де оңтайлы шешілген.  Қазіргі таңда М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайының жылу жүйесі мен жылу желілерін күрделі жөндеу, Мәлік Ғабдуллин мұражайы ғимаратының сыртқы бөлігі мен жертөле үй-жайларына, Ү.Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының ғимаратындағы би залына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі қолға алынған.

Біз өңіріміздегі мәдени нысандардың қазіргі заман талабына сай жабдықталуына зор көңіл бөлудеміз.  Бүгінгі таңда Ақмола облысының кітапханаларында 42 коворкинг-орталық бар. Облыста барлығы 86 модельдік кітапхана жұмыс істейді, оның 57-сі ауылда. Өңіріміздегі 311 кітапханасы компьютерлермен жабдықталған, бұл жалпы санның 94 пайызын құрап отыр. Интернет желісіне 263 кітапханақосылған. Ақмола облысының мемлекеттік кітапханаларының сақтау қоры 4 458 640 бірлікті құрайды, оның ішінде 1 491 655 дана кітап мемлекеттік тілде. Оқырмандардың жалпы саны 130 мыңға жуық. Облыс кітапханалары жыл басынан бері 298 437 адамды қамтитын 6509 іс-шара өткізді.  Оның ішінде атап өтерлігі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жалпыға бірдей оқу үшін көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаевтың 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізілген шығармалары ұсынылды. Б.Соқпақбаевтың шығармашылығы бойынша кітапханаларда бейнероликтер, әдеби шолулар, кітап көрмелері, ақпараттық сағаттар, әдеби керуен, «Менің атым Қожа» фильмін көру, Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» кітабын талқылау, портреттер кештері, «Қазақтың көркем жазушысы», «Б.Соқпақбаевтың шығармашылығы» дөңгелек үстел жиындары, оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.

2024 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша Ақмола облысының клубтық мәдениет нысандарын дамытуға барлығы 1 873 507,0 мың теңге бағытталды.Облыста 2 406 клуб құрылымдары жұмыс істейді, олардың жұмысына 28 252 адам тартылған. Ауылда 2 065 клубтық құрылым бар, қатысушылар саны 21 557 адам. «Халықтық» және «Үлгілі» мәртебесі бар ұжымдар саны – 111, оның ішінде «Халықтық» атағы бар ұжымдар саны – 89 болса, «Үлгілі көркемөнерпаздар ұжымы» атағы бар ұжымдар саны – 22. Жыл басынан бері клубтық мәдениет ұйымдары 8078 іс-шара ұйымдастырды. Бұл мәдени-шараларға 1,1 миллион адам қатысты, оның ішінде 5 867 іс-шараауылда өткен.

«Ел іші – өнер кеніші» демекші, облыс деңгейінде өтетін кез келген байқаулардың негізгі мақсаты – жаңа дарындарды анықтау және таланттарға, өзіндік ерекшеліктері бар шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларға қолдау көрсету, олардың шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасау  болып табылады. Мәселен, облысымызда жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі «Ән аға – Шәмші аға» облыстық байқауына Ақмола облысының қалалары мен аудандарынан 100-ден астам вокалист қатысты. Байқауда вальс королі Шәмші Қалдаяқовтың танымал әндері орындалды. Қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені көкшетаулық Ақтоты Әбдірахман жеңіп алды. I-ші орыннан қорғалжындық «Нұрлы саз» вокалдық квартеті ие болды. II-ші орын степногорлық Еламан Мұратхановқа берілсе, жүлделі III-ші орынмен атбасарлық «Mezzo» вокалдық тобы менжарқайыңдық жас талант иесі Орынбасар Жеңісов марапатталды. «Айтылмаған ән» номинациясы егіндікөлдік «Сазды әуен» фольклорлық ансамбліне бұйырды. Фестивальдің гала-концертіне қазақстандық эстрада жұлдызы Ұлықпан Жолдасов қатысты. Біз мысал ретінде бір ғана байқауды тілге тек етіп отырмыз. Айтпағымыз, осындай ірі облыстық байқаулардың нәтижесінде біз өңірдегі жас таланттардың өнерімен танысып, олардың шығармашылығына өріс беруді басты мақсатымыз санаймыз.

Биылғы Наурыз мейрамы жаңа форматта өтті. Мерекенің мазмұны мәнді, өзіндік сән-салтанатымен өтуіне  әлбетте облыс өнерпаздардың өз үлесі бар. Ақмола облысында біздің ұлттық мерекеміз ерекше, жоғары деңгейде өтті деп ойлаймын. Біз қашанда аға буын мен өскелең ұрпақтың арасындағы құрмет пен сыйластықты, өнеге мен тәлімді насихаттау мәселесіне де басты назар аударуға тырысамыз Өйткені, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлі тәрбиені насихаттау, қазіргі қоғамда аға буынға құрметпен қарауды қалыптастырудың маңызы зор.  Осы мақсатта өткізілген «Атам мен әжем» облыстық фестиваль-конкурсына Ақмола облысының 70 жастан асқанқарияларықатысты. Байқауға қатысушылар қазақтың «Бата алу – бата» рәсімін, шығармашылық нөмірлерін көрсетті.

Ән дәстүрлерін сақтау, дәстүрлі халық әнін насихаттау, жастар арасында қазақ өнерін насихаттау, ұлттық бірегейлікті сақтау мақсатында жыл сайын «Бала ақын – жас дарын» атты облыстық оқушылар айтысы өтеді. Биыл ол әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұса Асайыновтың 95 жылдығына арналды. Айтысқа Бұланды, Целиноград, Аршалы, Ерейментау, Қорғалжын, Жақсы аудандары мен Қосшы қалаларынан жас айтыскерлер қатысты. Айтыс қорытындысы бойынша Бас жүлдені Қорғалжын ауданынан Берік Әсет Абылайұлы иеленді.

Біз кез-келген мәдениет қызметкерінің  білімі мен білігін арттыру мәселесін де назардан тыс қалдырмаймыз.  Мысалы, ағымдағы жылдың ақпан айында Зеренді аудандық мәдениет үйінде «Фольклорлық ансамбльдерді басқарудың проблемалық мәселелері және оларды шешу. Әдістеме. Жаңашылдық. Репертуарды таңдау» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шараның мақсаты шығармашылық ұжымдармен жұмыстың заманауи әдістемелерімен танысу, оркестрлер мен фольклорлық ансамбльдердің орындаушылық шеберлігін арттыру, ұжым басшылары арасында тығыз шығармашылық қарым-қатынас орнату және тәжірибе алмасу еді. Атбасар, Целиноград, Аршалы, Бұланды, Қорғалжын, Астрахан, Ерейментау, Біржан сал, Сандықтау, Жақсы, Зеренді аудандары мен Степногорск қалаларынан келген шығармашылық ұжымдардың 50 жетекшілері үшін Қазақстан Республикасының «Мәдениет үздігі», «Сарыарқа» халық музыкасы ансамблінің көркемдік жетекшісі, композитор-күйші, осы іс-шараға арнайы шақырылған өнер иесі Тоғжан Жахин өз шеберлігінің құпияларымен бөлісті. Шеберлік сағатында Зеренді ауданының «Шежіре», «Арқа әуендері» халықтық фольклорлық ансамбльдерімен практикалық жұмыс жүргізілді.

Тағы бір атап өтерлік жайт, облыста «мемлекеттік-шығармашылық тапсырыс» аясында шығармашылық үйірмелербелсенді жұмыс атқаруда. Өңірімізде осындай 36 үйірме бар. Балаларды шығармашылық үйірмелермен қамту бойынша жұмысты жалғастыруға 2024 жылы облыстық бюджет қаражатынан 1,6 миллиард теңге бөлінді, 2024 жылы 8500 баланы қамту жоспарланған.

Биылғы жылы елімізге танымал тұлғалардың оның ішінде атақты жерлестеріміздің мерейтойлары аталып өтуде. Осы орайда, өңірдегі мұражай қызметкерлері де осы атаулы даталарға орайластырып көптеген игі іс-шараларды ұйымдастыруда. Мәселен, жыл басынан бері облыс мұражайлары 1 415 іс-шара өткізді. Олардың ішінде өскелең ұрпаққа мол тағылым беретін тәлімдііс-шаралар көп. Бір ғана мысал,  облыстық әдебиет және өнер музейінің қызметкерлері есепті кезеңде облыстың көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлерінің мерейтойлық күндеріне арналған бірнеше іс-шаралар ұйымдастырды. Соның бірі Біржан сал Қожағұлұлының 190 жылдығына арналған «Баласы Қожағұлдың Біржан салмын» атты тақырыпта өткен әдеби-музыкалық композициясы. Сондай-ақ, Қазақстанның Халық жазушысы Сәкен Жүнісовтың туғанына 90 жыл толуына арналған«Сексен көлдің серісі…» атты әдеби-музыкалық кеш,  жазушы, публицист, журналист Сарбас Ақтаевтың 90 жылдығына орай музей қызметкерлері жазушының үйіне барып, жазушының әсерлі  әңгімелерін таспаға түсіріп жазып алды. Мерейтой иесі мұражай қорына жеке заттарымен және құжаттарын  табыс етті. Міне, осындай көптеген тағылымы мол тәлімді іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Бұл игілікті іс жыл бойы жалғасатын болады.

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі, Мәлік Ғабдуллин атындағы мұражай, облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының ұйымдастыруымен де көптеген мағыналы, мәнді жиындар мен танымдық зерттеу жұмыстары ұйымдастырылуда. Біз ұлыларымызды ұмытпаған, ұлықтаған елміз.  Биылғы жылы І дәрежелі Отан соғысы, Әскери Қызыл Ту ордендерінің иегері, Рейхстаг ғимаратының қабырғасына бірінші болып шабуыл туын салған «Халық қаһарманы», Целиноградтың Құрметті азаматы Рахымжан Қошқарбаевқа бюст орнатылып, жазушы, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, көптеген мемлекеттік наградалардың иегері, Көкшетау қалаының құрметті азаматы Естай Мырзахметовке мемориалдық тақта орнатылды.  Жалпы облыс бойынша барлығы 1733 ескерткіш және тарихи-мәдени мұра объектісі бар. Оның ішінде бесеуі республикалық маңызы бар нысандар. Бұл Ш.Уәлиханов ескерткіші, Көкшетау қаласындағы қала тарихының мұражайы, Біржан сал ауданындағы Біржан сал қабірі, Қорғалжын ауданындағы Бытығай кесенесі және Бурабай ауданындағы Абылай хан алаңқайы.Сондай-ақ, Ақмола облысындағы 11 нысан жалпыұлттық нысандар тізімінде.

Өңіріміздегі екі театр да жыл басынан бері көптеген ауқымды іс-шараларымен өз көрермендерін қуантуда.   Театрлар 203 спектакль қойды, оның ішінде 10 премьера бар. Қазақстан Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы-драматург Сәкен Жүнісовтың 90 жылдығын мерекелеу аясында 2024 жылдың наурыз айында Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында Қазақстанның жетекші театрлары мен Түркия мен Әзірбайжаннан келген театрлардың қатысуымен «Сәлем» комедиялық қойылымдарының II-ші Халықаралық фестивалі өтті. Сонымен қатар, театр саласындағы кәсіби қоғамдастықты жаңа үрдістермен таныстыру, саланың өзекті мәселелерін қарау және Ресей мен Қазақстан театрлары арасындағы тығыз байланыстар мен ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Көкшетау – мәдениет пен достықтың мекені» тақырыбында халықаралық форумы өтті. Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола  облыстық филармония ұжымдарымен 39 концерт өткізілді.

Біз бүгінгі мақаламызда жыл басынан бері атқарылып жатқан іс-шаралардың бастысын баяндап отырмыз. Өңірімізде, әсіресе, аудандар мен ауылдарда жаңа мәдени нысандар бой көтеріп жатыр. Бұл мәселеде мемлекет тарапынан қолбайлау жоқ. Алдағы уақытта бірнеше елді мекендерде қазіргі заман талабына сай мәдени нысандар бой көтереді. Мәдени ошағы бар елдің еңсесі де биік болары анық. Біздің Ақмола өңірі қашанда өнерпаздардан кенде болған емес. Жер-жерде  клубтар бой көтеріп, жаңа өнер ұжымдары өнер өлкесінде жарқырап көрініп жатыр. Халықтың өнерге деген ықыласы ерекше. Алдағы уақытта біздің Ақмола облысында әлі талай талантты тарландар өз өнерлерімен танылатын болады. Оған біз бек сенімдеміз. Қазірдің өзінде Қосшы қаласындағы өнер ұжымдары жарқ етіп, Ақмола облысының мәдениетіне өзіндік өрнек салып, қуантуда. Мен мереке қарсаңында алдымен өңіріміздің мәдениет саласына еңбегі сіңген ардагерлерімізді мерекемен құттықтап, зор алғысымды білдіремін.  Ақмола облысын еліміз өнер өлкесі деп таныса, ол әлбетте алдымен аға буынның еңбегінің өтеуі екендігі анық.

Құрметті Ақмола облысының мәдениет қызметкерлері! Сіздерді осы атаулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Мәдениет пен өнер – рухани өміріміздің мәйегі. Ұлттық өнерімізді, мәдени мұрамызды насихаттауда сіздердің еңбектеріңіз орасан. Мереке қарсаңында отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін! Өңір өнерпаздарының өнері өркендей берсін! Тұғырымыз биік,ғұмырымыз баянды болғай!

Айгүл СӘБИТОВА,
Ақмола облыстық мәдениет басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар