Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сайын Молдашұлы Мусин - АРҚА АЖАРЫ

Сайын Молдашұлы Мусин

Сайын Молдашұлы Мусин Көкшетау облысы салық инспекциясының алғашқы бастығы болды.

Ол 1947 жылы Көкшетау облысы Рузаев ауданының Сарыбұлақ ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Кеңес Армиясы қатарында Отан алдындағы борышын атқарып, одан әрі Алматы халық шаруашылығы институтына оқуға түсті.

Институтты бітіргеннен кейін жолдамамен Көкшетау облыстық қаржы бөліміне жіберілді, ал, 1974 жылдан 1990 жылға дейін Қазақ КСР Қаржы министрлігінде жұмыс істеді.

КСРО Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 24 қаңтардағы №76 «Мемлекеттік салық қызметі туралы» Қаулысымен Қаржы министрлігіне мемлекеттік салық инспекцияларын құру тапсырылды, Сайын Молдашұлы Көкшетау облыстық салық инспекциясының бастығы лауазымына тағайындалды.

Бірінші кезекте қарапайым  қызметкерлерге жұмыс істеу үшін жағдай жасады, сондықтан, сол  кезде 5 қабатты ғимарат салынды, қазір онда Ақмола облысының Мемлекеттік кірістер департаменті орналасқан.

1993-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік салық инспекциясы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

Осы жылдары ол өзінің әріптестері, еліміздің белгілі мемлекет қайраткерлері Е.Ж.Дербісовпен, М.Т.Оспановпен бірге Қазақстан Республикасының салық қызметін қалыптастыру және дамыту бойынша белсенді қызметін жалғастырды.

1996 жылы экономика ғылымдарының кандидаты М.Т.Оспановтың және В.М.Дунаевтың жалпы редакциясымен сол кезде бірегей оқиға болып саналған орыс-қазақ салық терминологиясының анықтамалық сөздігін шығаруға қатысты.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясының экономика ғылымдарының докторы, профессор В.К.Радостовец осы басылым туралы кезінде «Жаңа экономикалық жағдайда қажет және өзекті басылым. Анықтамалық-сөздікті алғашқы отандық Салық кодексінің негіздерін әзірлеуге, құруға және енгізуге қатысқан авторлар тобы жасаған» деп атап көрсетті.

С.М.Мусин қашан зейнеткерлікке шыққанша Алматы облысының салық органдарында жұмыс істеді. Мінсіз еңбегі үшін Қазақстан Республикасының ордендерімен және медальдарымен марапатталған.

Көкшетау облысы салық инспекциясының алғашқы бастығы, салық органдарының ардагері Сайын Молдашұлы Мусиннің қайтыс болуына байланысты туысқандары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Еліміздің салық саласын дамытуға елеулі еңбек сіңірген осы бір абзал жанның жарқын бейнесі біздің жүрегімізде ұзақ сақталады.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы.
Ақмола облыстық Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлер кеңесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар