Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаны толған шәкіртіне жылылық - АРҚА АЖАРЫ

Жаны толған шәкіртіне жылылық

Қазіргі заманға сай бәсекеге қабілетті,ой-өрісі жоғары, білімді жастарды тәрбиелеу бүгінгі ұстаздың бірден-бір міндеті. Бұл маңызды міндетті абыроймен атқарып келе жатқан ұстаздардың қатарында өз мамандығын һәм шәкірттерін шексіз сүйетін педагогтың бірі –Көкшетау қаласындағы №2 мектеп-лицейінің 4 «ә» сынып  мұғалімі Гүлбахыт Қайырбекқызы бар.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы, – деп ақиық ақын Ғафу Қайырбеков қалай дөп басып айтқан десеңізші! Ұлағатты ұстаз дейтін мәртебелі есімге  ие болып жүрген жандардың бойынан шынымен де, ақын суреттегеніндей,  батырға тән ерлікті, шексіз мейірімді, сезімтал жүректі аңғарасың. Мұғалім оқушы баланың бойына білім нәрін себізгілеп қана қоймайды, ол оны өмір сүруге үйретеді. Гүлбахыт Қайырбекқызын біздәл осындай жанынан жақсылықтың лебі ескен,адами болмысы жоғары, танымы терең, зердесі биік маман деп таныдық. Ол ізденуден талмайтын еңбекқор ұстаз.

Иә, білім негізі – бастауыш сыныпта. Ал, алғашқы мұғалім жан баласы үшін есімі естен кетпейтін тұғырлы тұлға. Әліп білмейтін балаға оңы мен солын, жақсы мен жаманды айыруды үйреткен, бойына адами абзал қасиеттерді дарытқан ұстаз еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Гүлбахыт Қайырбекқызы да дәл осындай жүрегі ізгілік пен мейірімге толы, білігі мен білімі ұштасқан, бала көңілін көзінен ұға алатын, оның болашағына сенім арта білетін жанашыр, қамқоршыл ұстаз.

Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз үстем болсын ылайым, деп тілейміз біз де ақжарма көңілден. Сізден білім алған жас өрендер ертеңгі күні ел болашағына өз үлесін қосатын ұл-қыздар болып, өз арман-мақсатына қол жеткізер деген сенімдеміз! Жасай беріңіз, жүрегі мейірімге толы ұлағатты жан!

 Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар