Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мәселе аздап алға жылжығаны байқалады - АРҚА АЖАРЫ

Мәселе аздап алға жылжығаны байқалады

«Ата-баба зиратын сақтау – баршамызға сын». Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің 2024 жылдың 27 ақпанындағы №16 санында осындай тақырыппен хабар жарияланған болатын.

Онда Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Ақмола облыстық филиалының төрайымы Анар Аяпбергенованың Целиноград ауданының Рахымжан Қошқарбаев ауылындағы мұсылмандар зиратын су шаюынан қорғау жөніндегі мәселемен Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайхановпен кездескені туралы жазылған еді.

Жуырда депутат тағы да мұсылмандар зиратының айналасын нығайту мәселесі бойынша осы ауылда өткен көшпелі кеңеске қатысты. Анар Сайлаубекқызы атап көрсеткеніндей, бұл мәселе алты жыл бойы түпкілікті шешімін таба алмай отыр.

Кездесуге «Су шаруашылығы комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі «Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы» РММ басшысы Мүсілім Аққожин, Ақмола облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Айтжан Құсманова, Целиноград аудандық мәслихатының төрайымы Ләззат Қонарбаева, Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Ерік Жиенбаев, №5 сайлау округі бойынша Целиноград аудандық мәслихатының депутаты Берік Рымқұлов қатысты. Сондай-ақ, кеңеске Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округінің әкімі Гүлбану Құнақова, «БАШ-ҚҰМ» ЖШС басшысы Микаэль Горданов, жергілікті қоғамдастық мүшелері Яков Мофа, Амантай Байбисенов және елді мекен тұрғындары да қатысып отырды. Бұл ретте:

–Мәселе алдымен ауылдық округ әкімдігінде талқыланып, содан кейін мұсылмандар зиратына бардық, онда бізді осы ауылдың қалған тұрғындары  күтіп тұрды. Талқылау барысында М.Аққожин халықты «БАШ-ҚҰМ» ЖШС түзетулерімен ұсынған жобаның қаралатынына және алдағы уақытта жұмыс жандандырылатынына сендірді. Жоба Ақмола облысы бойынша экология департаментімен келісіледі. Осы құжаттардың барлығы табиғи ресурстар және  табиғатты пайдалану басқармасы атынан берілетін болады, өйткені, өзара іс-қимыл туралы үшжақты меморандум жасалды. Е.Жиенбаев бұдан былай бұл зиратта қайтқан кісіні жерлеуді тоқтата тұру және зираттың өзін басқа, неғұрлым қолайлы жерге көшіру туралы мәселені қарау туралы ұсыныс енгізді. Жалпы, талқылау барысында елді мекен тұрғындарының мәселенің аз да болса алға жылжығанына қанағаттанғандықтары байқалды. Енді осы мәселені одан әрі шешу үшін 20-25 күн күте тұрамыз, – деп өз ойымен бөлісті облыстық мәслихаттың аграрлық сұрақтар және индустриалық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары Анар Аяпбергенова.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар