Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Сақтау керек есінде адам мықты, Ғұмырдың қалатынын аяқталып!» - АРҚА АЖАРЫ

«Сақтау керек есінде адам мықты, Ғұмырдың қалатынын аяқталып!»

Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ.

 Ұмытпайықшы

Баспалдақпен жоғарлап бара жатсаң,
Көре алмайтын қазағым оянады,
Қиындайды сыналып, әрбір аттам.
Осыны қашан қазақ қоя алады.

Көбейеді сыпсың сөз, өсек-аяң,
Өтірік шыны аралас қойыртпақтап.
Ешбірі болмаса да өзіңе аян,
Кигізеді бейнеңді сойып, қаптап.

Шаршамайтын біреуді кінәлаудан,
Жандар бар жалғастырып, тоқтамайтын.,
Ойламайтын болар деп сірә жалған,
Кей дегені болса да жұртқа айқын.

Сын айтайық, бірақта адалдықты,
Үмытпайықшы, қайтеміз аяқ шалып.
Сақтау керек есінде адам мықты,
Ғұмырдың қалатынын аяқталып.

Тоқтайын

Айырам деп әр істің ақ, қарасын,
Ауырады кей сәттер жоққа басың,
Өзің болсаң қайтер ең деп ойламай,
Сын айтуға асығыс оқталасың.

Ал біреу сұрап, сөйлеп білгішсініп,
Адамсып, көкке қарап бір курсініп.
Тұрғанда, жауап бере алмай қалып,
Шатасып, қателесіп, жүр сүрініп.

Нең бар-ды білмегенге араласып,
Басын шатып әрненің, ала қашып.
Ортаның шырқын бұзып, тоқтай алмай,
Сөз бөліп, билік айтып, жағаласып.

Өстіп білмей тұрып ап өз жағдайын,
Кейбіріміз екенбіз сөзге дайын.
Бір шеті кетер тиіп өзіме де,
Тоқтайын, әрі қарай қозғамайын.

Сый екен ең бір өзге

Інілер бар ағадай қамқор маған,
Екенбіз бағыты бір жол таңдаған.
Арқа сүйеп жүресің екен әр кез,
Жаныңда тілегі бір болса адам.

Адам күні адаммен дейді бізде,
Күтесің қолдау сырттан кейбір кезде.
Сый екен көрсетілсе ағаларға,
Інілердің қамқоры ең бір өзге.

Жалғасса аға, іні сыйластығы,
Азаяр кей тентектің бейбастығы.
Қуантып бірін-бірі жүретұғын,
Көп болғай арадағы қимас күні.

Мойымағын

Тағдырдың сезіп кейде ащылығын,
Сезгенмен күнкөрістің тапшылығын.
Бәрі де өз қолыңда екеніне,
Кешіп бастан, көз жетті тап шындығым.

Тағдырдың жазғанына бас иесің,
Бірақ, болса бойыңда қасиетің.
Шығасың бұзып, жарып қиындықтан,
Бәрібір тарта бермей қасіретін.

Кездеседі соқпақтар, бұрылыста,
Сынайтын, басқа түсіп, тығыр тұс та.
Бәрі бұның өткінші, мойымағын,
Ұмытайық тек екенін ғұмыр қысқа.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар