Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алаңдатқан ауыз су мәселесі қаржыға да келіп  тірелуде - АРҚА АЖАРЫ

Алаңдатқан ауыз су мәселесі қаржыға да келіп  тірелуде

Жуырда өңірлік коммуникациялар қызметінде Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовтың қатысуымен өткізілген брифингте ауыз су мәселесі баса сөз болды.  

Ақмырза ауылының сумен жабдықтау, тарату желілерін қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін өткен жылы Ұлттық қордан 217,4 миллион, облыстық бюджеттен 63 миллион теңге қаржы бөлінді. Биыл бұл жұмысты аяқтап, нысанды пайдалануға беру үшін облыстық бюджеттен 111,7 миллион теңге қаражат бөлініп отыр. Және де Сілеті ауылында сумен жабдықтаудың желілерін қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуге  2023 жылы облыс қорынан 173,7 миллион теңге бөлінсе, ағымдағы жылы 126,2 миллион теңге тағы бөлінуде. Дегенмен, құрылысты аяқтау 298 миллион теңге қаражатты қажет етеді, – деді жағдайды түсіндірген Нұрлан Мұқатов. Сондай-ақ, ауыз су мәселесі туындаған Еркіншілік ауылының жағдайына қатысты да бұған дейін көтерілген. Баяндамашы «Қазір жобаны жасап жатырмыз. Аудандық бюджеттен қаражат бөлінді. Ауылдан бес шақырым жердегі Қуаныш өзені бойында зерттелген үш құдықтың орны бар. Алғашқы қазған құдықтан ащы су, екінші су құбырынан тұщы су шықты. Енді соны ауданға тарту жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттарын дайындап, облыстық бюджетке өтінім жолдаймыз. Осы зерттелген құдықтардың суын қоса алсақ, Еркіншілік ауылының су тапшылығы мәселесі шешіледі» деп атап өтті. Осылайша, толық шешімі табылмаған бір мәселелер тұрғындарды мазалап отырғаны анық.

Сонымен бірге, ауыл шаруашылығында мемлекеттік қолдаудың арқасында өнім көлемінің өсуі байқалып, ол 5,3 миллиард теңгені құраған. Биыл аудан диқандары 127206 гектарға дән себуде.

–Мемлекет басшысы атап өткеніндей, барлық деңгейдегі әкімдер жұмысының негізгі көрсеткіштерінің бірі инвестиция тарту болып табылады. Есепті кезеңде аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 379,3 миллион теңгені құрады. 2024 жылға жалпы сомасы 16,1 миллиард теңгені құрайтын алты инвестициялық жобаның тізбесі жасақталып, 46 жұмыс орнын құру жоспарланған. Ауылдың мәселелерін шешетін «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде биылғы жылы жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеге он бес жобаны іске асыру көзделуде, – деп бұл ретте, аудан әкімі жауапкершілікті толық сезініп отырғандарын байқатты.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар