Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Басқаны аямаған адамды заң да аямайды - АРҚА АЖАРЫ

Басқаны аямаған адамды заң да аямайды

Көкшетауда «Eolus» қаржы пирамидасын құрған және басқарған, сондай-ақ, оны жарнамалаумен айналысқан екі қала тұрғынына қатысты сот үкімі шықты.

«И» және «X» атты азаматтар жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында «Eolus» қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны анықталды. Салымшылардың қаражаты криптовалютаға аударылып, «energyeolus.info» платформасына салынып, келтірілген зиян сомасы шамамен 10 миллион теңгені құрады.

Сот үкімімен «И» және «X»-ның екеуі де кінәлі деп танылып, азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын жымқыруға байланысты мүлкі тәркіленіп, алда осындай қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, тиісінше 4 жыл және 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Осыған байланысты Көкшетау қаласының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және қаскүнемдердің айласына түспеуге шақырады. Бұл ретте, «Baiqa, piramida!» ботының жеделхаттары арқылы компанияны қаржылық пирамида белгілеріне тексеруге болады.

Ақмола облысының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар