Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жазасын өтегендер де қалыпты өмір сүргісі келеді   - АРҚА АЖАРЫ

Жазасын өтегендер де қалыпты өмір сүргісі келеді  

Қазіргі уақытта бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдарға ерекше назар аударылуда.

Осыған байланысты Астрахан ауданының прокуратурасы сотталғандардың тұрмыстық және еңбек жағдайын, сондай-ақ, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің қажетті көлемін анықтау үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, мансап орталығының, білім бөлімінің, жергілікті полиция қызметінің, ауданның пробация қызметі бөлімінің қатысуымен арнайы жұмыс тобын құрды.

Жұмыс тобын құру сонымен қатар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың қайталдан қылмыстық құқық бұзушылықтарға баруының жолын кесуге бағытталған, өйткені, қайтадан қылмыстар жасаудың негізгі үлес салмағы жұмыс орны жоқ сотталғандарға тиесілі.

Осы ретте, тұрақты жұмыс орны жоқ, кәмелетке толмаған балалары бар және зейнет жасындағы адамдарға ерекше көңіл бөлінеді.

Бүгінгі күні жұмыс тобы толық құрамда пробация қызметінің есебінде тұрған 20 сотталушыны жазаның әртүрлі түрлері бойынша тексеруді жүзеге асырды, тұрмыстық жағдайлары бойынша тиісті актілер жасалды.

Аудан әкімдігі 2024 жылғы 20 наурызда тұрақты жұмыс орны жоқ сотталғандарды шақыра отырып, прокуратура органдарының, пробация қызметінің қатысуымен бос орындар жәрмеңкесін өткізді.

Бос орындар жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша: 1 сотталған адам 30 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек алды. Ал, 3 сотталған адам әртүрлі ұйымдарға жұмысқа орналастырылды. Тағы бір сотталған адам 3 топтағы мүгедектік алу үшін денсаулық сақтау органдарына жіберілді. 1 сотталған адамға зейнеткер болуына және жалғыз тұруына байланысты әлеуметтік көмекші тағайындалды.

Бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасуда.

Астрахан ауданының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар