Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөніндегі комиссия мемлекет кірісіне қосымша 235 млрд теңге аударады - АРҚА АЖАРЫ

Заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөніндегі комиссия мемлекет кірісіне қосымша 235 млрд теңге аударады

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. 

Комиссия 235 млрд теңгеден астам сомаға активтерді ерікті түрде қайтару туралы бірқатар келісім жасасуды мақұлдады. Оның ішінде 230 млрд теңге ақшалай түрде Қаржы министрлігінің шотына аударылатын болады. Сондай-ақ жер қойнауын пайдалану кәсіпорындарындағы акциялар, жер телімдері және Алматыдағы әкімшілік ғимарат мемлекеттің меншігіне өтеді.

Сонымен қатар Комиссия «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» ҚР Заңында көзделген тұлғалармен жалпы құны 28 млрд теңгеден астам инвестициялық және әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы келісімдер жасасуды қолдады. Қаражатты ел экономикасына қайта инвестициялау – «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген активтерді қайтару шараларының бірі.

Жалпы, жыл басынан бері Комиссия шешімдерінің негізінде мемлекетке 325 млрд теңгеден астам соманың активтері қайтарылды, оның ішінде ақшалай қаражат, 13 мың гектар жер, тарихи-мәдени мұра заттары, қымбат зергерлік бұйымдар бар.

Дереккөз: primeminister.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар